Алматыда дәрігерлер дерті асқынған жүкті әйелге ота жасап, аман алып қалды

Фото:depositphotos.com

Алматыда жүктіліктің 19-аптасындағы 25 жастағы әйелге жатыр миомасының асқынуына байланысты шұғыл ота жасалды. Дәрігерлер жүктілікті сақтап, пациентті аман алып қалды, деп хабарлайды TengriHealth.

Алматыда жүктіліктің 19-аптасындағы 25 жастағы әйелге жатыр миомасының асқынуына байланысты шұғыл ота жасалды. Дәрігерлер жүктілікті сақтап, пациентті аман алып қалды, деп хабарлайды TengriHealth.

Не болды?

№7 қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметінің мәліметінше, әйел ауруханаға ішінің қатты және толассыз ауырсынуымен жеткізілген. Тексеру барысында жүктіліктің дамып жатқаны, бірақ жатырда көптеген миоматозды түйіндердің бар екені, оның біреуі ыдырай бастағаны анықталған.

Реклама
Реклама
Анықтама: Миома түйінінің некрозы - бұл жатыр миомасының қауіпті асқынуы, ол қан айналымының күрт бұзылуына байланысты қатерсіз ісік тіндерінің жансыздануымен сипатталады.

"Бұл жағдай қатты ауырсынумен қатар жүреді және ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін. Пациенттің айтуынша, оның жатырындағы миома алғаш рет 2024 жылы анықталған. Әйел емханада диспансерлік есепте тұрған", - деді №7 ҚКА өкілдері.

Ол кезде түйіндер кішкентай болған және клиникалық белгілер байқалмаған, ал миоманың өзі өспеген.

Алайда 2025 жылы жүктілік кезінде дәрігерлер миоматозды түйіндердің жедел өскенін тіркеген. Мамандар мұны бала көтеру кезеңіне тән гормоналды өзгерістермен түсіндіреді.

Бастапқыда дәрігерлер консервативті емдеу әдісін таңдап, екі тәулік бойы пациенттің жағдайын бақылаған. Бірақ ауырсыну басылмай ал қайталама УДЗ жағдайдың нашарлағанын көрсеткен.

"Жүктілік кезінде жатырға ота жасау үлкен тәуекелмен байланысты: қан кету және нәрестеден айырылу қаупі жоғары. Бірақ кейде бұл әйелді құтқарудың жалғыз жолы болады", - деді №7 ҚКА гинеколог-хирургы Жібек Жанәлиева.

№7 ҚКА гинекология бөлімінің меңгерушісінің жетекшілігімен өткен мультидисциплинарлық консилиум барысында дәрігерлер ота жасау туралы шешім қабылдаған.

Хирургтар жатырды және жүктілікті сақтап, зақымдалған түйінді алып тастаған.

Отаны хирург-гинекологтар командасы: Жібек Жанәлиева, Шахло Абдужабарова, Әсел Дулатова және анестезиолог Евгений Туфуминов сәтті өткізген.

Ота жасаған дәрігерлер тобы. Фото №7 ҚКА баспасөз қызметінен.

Осыдан кейін пациент тағы бірнеше күн дәрігерлердің бақылауында болып, кейін қанағаттанарлық жағдайда үйіне шығарылған.

Tengrinews

Реклама
Реклама