Астана күнінде Қазақстанда 450-ге жуық бала дүниеге келді

Иллюстративті фото: depositphotos.com

6 шілде - Астана күнінде Қазақстанның түрлі өңірінде 448 сәби дүниеге келді. Денсаулық сақтау министрлігі осындай статистиканы жариялады, деп хабарлайды TengriHealth.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, мереке күні еліміздің медициналық ұйымдарында 448 бала туылды. Оның ішінде 223 ұл және 225 қыз бар. Бұл ретте Астанада екі егіз дүние есігін ашты.

Нәрестелердің ең көбі Түркістан облысында туылған, мұнда 67 сәби дүниеге келді. Алматыда 44 сәби жарық дүниеге келсе, Шымкент қаласы мен Алматы облысында 40 нәрестеден тіркелді.

Жарнама
Жарнама

Министрлік ақпаратынша, босануға көмек көрсету ұйымдарының медицина қызметкерлері жүктілікті, босануды қауіпсіз жүргізуді және жаңа туған нәрестелерге қажетті көмек көрсетуді тәулік бойы қамтамасыз етеді.

Еске сала кетейік: "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының мәліметі бойынша, Қазақстанда бірінші, екінші және үшінші балаға 38 АЕК (2026 жылы 164 350 теңге) мөлшерінде жәрдемақы төленеді, ал төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК (2026 жылы 272 475 теңге).

Егіз, үшем немесе төртем дүниеге келген жағдайда, жәрдемақы әр балаға жеке тағайындалады.


Жарнама
Жарнама