“Дәрігер демалыста“: неге қазақстандықтарға ақылы қызметке жүгіну ұсынылады және не істеу керек?

Фото:depositphotos.com

Қазақстандықтар жолдама бойынша бейінді маманға жазылу мүмкін емес жағдайларға жиі шағымданады. Пациенттердің айтуынша, тегін балама ұсынудың орнына, кейде оларға жеке клиникаларға өз қаражаты есебінен баруды ұсынады. TengriHealth тілшісі емханада қажетті маман болмаған жағдайда, МӘМС бойынша медициналық қызметтерді алу тәртібін анықтап көрді.

Қазақстандықтар жолдама бойынша бейінді маманға жазылу мүмкін емес жағдайларға жиі шағымданады. Пациенттердің айтуынша, тегін балама ұсынудың орнына, кейде оларға жеке клиникаларға өз қаражаты есебінен баруды ұсынады. TengriHealth тілшісі емханада қажетті маман болмаған жағдайда, МӘМС бойынша медициналық қызметтерді алу тәртібін анықтап көрді.

Не болды?

Осындай оқиғалардың бірін қазақстандық әйел айтып берді. Оның ұлы соқыр ішек күдігімен жедел жәрдеммен стационардың хирургия бөлімшесіне жеткізілген. Диагноз расталмады, бірақ талдаулар мен УДЗ нәтижелері лейкоциттердің өте жоғары деңгейін және құрсақ қуысында сұйықтық бар екенін көрсеткен.

Жарнама
Жарнама

"Баланы стационардан шығарып, тексерілу және мәселенің себебін анықтау үшін балалар емханасына учаскелік педиатрға жіберді", - деп бөлісті ол.

Алайда дәрігердің қабылдауына жазыларда олар кедергіге тап болған - УДЗ маманы демалыста болып шықты.

"Бізге тексерілу үшін жеке клиникаға баруды ұсынды. Онда қабылдау құны 6000 теңге, ал УДЗ - 9000 теңге тұрады. Менің ызам келіп тұр: біздің МӘМС-ке төлеген жарналарымыз қайда?" - дейді кейіген ата-ана.

Қор мамандары не дейді?

Мұндай жағдайларда қалай әрекет ету керек екенін білу үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (ӘМСҚ) баспасөз қызметіне жүгіндік. Мамандардың айтуынша, егер медициналық мекемеде қажетті маман болмаса, клиника пациентті өзімен бірлесіп орындау шарты жасалған және қажетті дәрігері бар басқа медициналық ұйымға жіберуге міндетті.

Егер медициналық мекеменің басқа клиникалармен келісімшарты болмаса, пациент қажетті маманы бар ұйымдардың біріне жіберіледі.

Адам жолдама бойынша қажетті қызметті алғаннан кейін, медициналық ұйымдар арасында автоматты түрде келісімшарт жасалады, клиника пациент тіркелген медициналық мекемеге шот ұсынады. Яғни, төлем нақты көрсетілген қызмет үшін жасалады. Ең бастысы, бұл клиника ӘМСҚ-мен жұмыс істейтін медициналық мекемелердің қатарында болуы тиіс.

Қордағылар кез келген консультациялық-диагностикалық қызметтерге жолдаманы, егер ол үшін көрсетілімдер болса, емдеуші дәрігер беретінін айтты. Ол пациенттің жағдайын, шағымдарын және білінген белгілерін бағалайды.

Яғни, алдымен учаскелік дәрігер қажет болған жағдайда бейінді маманға жібереді. Ол қандай диагностикалық процедуралар қажет екенін анықтайды, содан кейін учаскелік дәрігер жолдама рәсімдейді де, пациент өзі тіркелген емханада тексеруден өтеді.

"ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде қызмет көрсететін медициналық ұйым Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен тиісті келісімшарт жасайды және пациенттерге медициналық қызметтерді ұсыну бойынша міндеттемесін орындауы тиіс", - деп еске салды қордағылар.

Жолдама бермесе не істеу керек? Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры емханаларда пациенттердің шағымдарымен айналысатын қызметтер бар екенін, азаматтардың сонда жүгіне алатынын атап өтті.

Tengrinews

Жарнама
Жарнама