ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда дәстүрлі медицина саласында медициналық көмек көрсету стандарты бекітілді. Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2026 жылғы 19 мамырдағы бұйрығымен мамандар жұмысының бірыңғай ережелері, қызметтер тізбесі және ұйымдарға қойылатын талаптар енгізілді. Құжат 2026 жылғы 5 маусымнан бастап қолданысқа енді, деп хабарлайды TengriHealth.
Құжатқа сәйкес, дәстүрлі медицина әдістерімен медициналық қызметтерді меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан денсаулық сақтау субъектілері көрсетеді.
Міндетті шарт - "Дәстүрлі медицина" кіші түрлері бойынша медициналық қызметке лицензияның болуы. Жұмыс "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" ҚР Заңына және денсаулық сақтау нысандарына арналған санитарлық қағидаларға сәйкес жүргізіледі.
Қызметтерді жоғары медициналық білімі бар және/немесе мынадай бағыттар бойынша көпбейінді мамандануы бар мамандар көрсете алады:
Сондай-ақ қызметкерлердің дәстүрлі медицина бойынша тиісті сертификаты болуы тиіс екені айтылған. Ал тәжірибемен айналысатын медициналық персонал міндетті және мерзімді медициналық тексерулерден өтуі керек.
Дәстүрлі медицина әдістерімен медициналық көмек ақылы негізде мына жерлерде көрсетіледі:
Денсаулық сақтау субъектілері міндетті:
Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда, сондай-ақ санаторлық-курорттық ұйымдарда мынадай медициналық қызметтер жүргізілуі мүмкін:
Пациенттер көрсетілімдер болған жағдайда және қарсы көрсетілімдер болмаған кезде дәстүрлі медицина маманына жіберілетіні хабарланды. Процедуралар алдында ол ақпараттандырылған келісімге қол қоюы керек.
Кез келген емдеу клиникалық хаттамалар мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келуі керек, оның ішінде:
Мамандар сондай-ақ медициналық құжаттаманы жүргізуге және мәліметтерді медициналық ақпараттық жүйеде тіркеуге міндетті.
Рефлексотерапия жүргізу кезінде инфекциялық және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар::
Гирудотерапия жүргізу кезіндегі инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:
Сонымен қатар дәстүрлі медицина әдістерін мына жағдайларда жалғыз ем ретінде қолдануға тыйым салынады:
Егер пациент дәлелді медицина әдістерінен бас тартса, құжатта міндетті түрде консилиум өткізу және пациенттің ақпараттандырылған жазбаша бас тартуы қарастырылған.