Қазақстанда химиотерапиялық және сәулелік емдеуді қаржыландыру тәсілін өзгерту жоспарланып отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің тиісті бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Жаңа ережелерді 2026 жылғы 1 шілдеден бастап енгізу көзделіп отыр, - деп хабарлайды TengriHealth.
Басты жаңалық
Денсаулық сақтау министрлігі Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде денсаулық сақтау субъектілері көрсеткен қызметтерге ақы төлеу қағидаларына өзгерістер әзірледі.
Құжатқа сәйкес, реформаның мәні - мемлекеттің көрсетілген медициналық көмектің нақты көлемі мен күрделілігіне негізделген қаржыландыруға көшуінде.
Химиотерапия кезінде аурухана мыналарды алады:
- пациенттің стационарда болғаны үшін базалық төлем;
- қандай препараттар мен емдеу схемалары қолданылғанына байланысты қосымша ақы.
Сәулелік терапия кезінде де төлем мөлшері мыналарға байланысты болады:
- пациенттің стационарда болу уақытына;
- қолданылатын технологияларға;
- емдеудің көлемі мен күрделілігіне.
Бұл не үшін енгізіліп жатыр?
Әзірлеушілер пікірінше, жаңа модель нақты көрсетілген көмек пен қолданылатын заманауи емдеу технологияларын ескере отырып, медициналық ұйымдар арасында қаржыны дәлірек әрі әділ бөлуге мүмкіндік береді.
Денсаулық сақтау министрлігі тегін онкологиялық көмек алу құқығы өзгермейтінін ерекше атап өтті. Емдеу бұрынғыдай ТМККК және МӘМС шеңберінде көрсетіле береді.
Қаржыландырудың жаңа ережелері 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді деп жоспарланған.