ПОДЕЛИТЬСЯ
Жамбыл облысында сот аудандық аурухананы ерте токсикозды емдегеннен кейін жағдайы күрт нашарлаған пациентке өтемақы төлеуге міндеттеді. Медицина қызметкерлері тарапынан анықталған заңбұзушылықтардан кейін әйелдің жүктілігі тоқтатылып, оған ІІІ топтағы мүгедектік тағайындалды, деп хабарлайды TengriHealth.
Жамбыл облысының тұрғыны жүктіліктің 10-аптасында аудандық ауруханада "ерте токсикоз" диагнозымен емделген.
Алайда, соттың анықтауынша, оған медициналық көмек толық көлемде және клиникалық хаттамаларға сәйкес көрсетілмеген.
Ауруханадан мерзімінен бұрын шығарылғаннан кейін әйелдің жағдайы күрт нашарлап, ол жедел түрде облыстық ауруханаға жеткізілген. Онда медициналық көрсеткіштер бойынша дәрігерлер жүктілікті тоқтату туралы шешім қабылдаған. Кейінірек оған ІІІ топтағы мүгедектік белгіленген.
Медициналық мекемені тексергеннен кейін медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті медицина ұйымы тарапынан келесі заңбұзушылықтарды анықтады:
Нәтижесінде аурухана әкімшілік жауапкершілікке, ал дәрігерлердің бірі тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Сот заңбұзушылықтар мен пациенттің жағдайының нашарлауы арасында тікелей байланыс бар деген қорытындыға келіп, келтірілген зиянды өтеу туралы талапты негізді деп таныған.
Қорытындысында ауруханадан пациенттің пайдасына келесі сомалар өндірілді:
Сот шешімі заңды күшіне енді.
Бұған дейін Ақмола облысында сот алқасы ерлі-зайыптылар мен олар үшін суррогат ана болуы тиіс болған, бірақ қайта ұрықтандыру процедурасына келмеген әйел арасындағы дауды қарағаны хабарланған болатын.