Жаңа босанып жатқан қазақстандық әйелден алты ісік алынды

Фото:depositphotos.com

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында жатыр миомасының көптеген түйіндері бар 35 жастағы әйелге босану кезінде күрделі ортация жасалды. Дәрігерлер көлемі 10 сантиметрге дейін жететін алты ісікті алып тастап, репродуктивті органды сақтап қалды, деп хабарлайды TengriHealth Алматы облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында жатыр миомасының көптеген түйіндері бар 35 жастағы әйелге босану кезінде күрделі ортация жасалды. Дәрігерлер көлемі 10 сантиметрге дейін жететін алты ісікті алып тастап, репродуктивті органды сақтап қалды, деп хабарлайды TengriHealth Алматы облысының әкімдігіне сілтеме жасап.

Не болды?

Баспасөз қызметінің мәліметінше, пациенттің дерті жүктіліктің ерте кезеңінде анықталған. Осы диагнозға қарамастан, әйел баланы 37 аптаға дейін аман-есен көтеріп келген.

Жарнама
Жарнама

Мерзімі жеткен соң дәрігерлер жоспарлы кесарь тілігін жасауды ұйғарды. Алдымен дүниеге дені сау нәресте келді, содан кейін хирургтар миомэктомия жасаған.

Анықтама: Миомэктомия - бұл жатырды сақтай отырып, оның миомасын (қатерсіз ісік) алып тастау операциясы.

"Алып тасталған түйіндердің мөлшері 4-тен 10 сантиметрге дейін болды. Араласудың ауқымдылығына қарамастан, мамандар жатырды алып тастауға жол бермей, сақтап қалды", - деп толықтырды баспасөз қызметі.

Клиника мамандары кесарь тілігі мен миомэктомияны қатар жасау акушерлік пен гинекологиядағы ең күрделі оталардың қатарына жататынын атап өтті. Операцияға үш акушер-гинеколог қатысқан.

Аурухана директорының орынбасары Гүлжахан Жұмадуллаеваның айтуынша, миоманың болуы әрдайым бала туу мүмкіндігінен айырмайды, бірақ мамандардың тұрақты бақылауын талап етеді.

"Мұндай әрбір жағдай жеке тәсілді қажет етеді. Әйелдер үшін тұрақты түрде тексеруден өтіп, гинекологтың бақылауында болу және отбасын жоспарлау мәселелерін дәрігермен алдын ала талқылау маңызды. Уақтылы диагностика мен дұрыс таңдалған тәсіл репродуктивті денсаулықты сақтауға көмектеседі және сәтті ана болу мүмкіндігін арттырады", - деді ол.

Бұған дейін Алматыда жүктіліктің 19-аптасында болған 25 жастағы әйелге жатыр миомасының қауіпті асқынуына байланысты шұғыл операция жасалғаны туралы жазған болатынбыз. Ол кезде дәрігерлер жүктілікті үзбай, пациентті де аман сақтап қалған болатын.

Tengrinews

Жарнама
Жарнама