Жүрек талмасы қаупін екі есе арттыратын әдет аталды

depositphotos.com

Оулу университетінің ғалымдарының айтуынша, түрлі уақытта ұйықтау әдеті орта жастағы адамдарда ауыр жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін арттыруы мүмкін. Әсіресе ұйқының тұрақсыздығы мен демалыс уақытының жеткіліксіздігі ерекше қауіп төндіреді, - деп хабарлайды TengriHealth тілшісі Газета.Ru-ға сілтеме жасап.

Оулу университетінің ғалымдарының айтуынша, түрлі уақытта ұйықтау әдеті орта жастағы адамдарда ауыр жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін арттыруы мүмкін. Әсіресе ұйқының тұрақсыздығы мен демалыс уақытының жеткіліксіздігі ерекше қауіп төндіреді, - деп хабарлайды TengriHealth тілшісі Газета.Ru-ға сілтеме жасап.

Зерттеушілердің айтуынша, төсекте сегіз сағаттан аз уақыт өткізетін әрі күн сайын әртүрлі уақытта ұйықтайтын адамдарда жүрек-қан тамырлары ауруларының ауыр түрлеріне шалдығу қаупі шамамен екі есе жоғары болған.

Ғалымдар мұндай ауыр жағдайларға арнайы медициналық көмек қажет ететін ауруларды, соның ішінде миокард инфарктісі мен инсультті жатқызады.

Жарнама
Жарнама

"Бұған дейінгі зерттеулер тұрақсыз ұйқы режимі мен жүрек аурулары қаупі арасында байланыс бар екенін көрсеткен. Бірақ біз алғаш рет ұйықтау уақытының, ояну уақытының және ұйқы кезеңінің орта тұсының өзгеруін жеке-жеке қарастырдық", — деп түсіндірді Оулу университетінің постдокторанты Лаура Науха.

Зерттеу үшін ғалымдар 1966 жылы Солтүстік Финляндияда туған 3231 адамның дерегін пайдаланған. 46 жасында қатысушылар бір апта бойы арнайы белсенділік датчиктерін тағып жүрген. Құрылғы олардың қанша ұйықтағанын және төсекте қанша уақыт өткізгенін тіркеген. Кейін зерттеушілер медициналық дерекқорлар арқылы еріктілердің денсаулығын 10 жылдан аса уақыт бақылаған.

Нәтижесінде дәл ұйқыға жату уақытының тұрақсыздығы жүрек-қан тамырлары аурулары қаупінің артуымен байланысты екені анықталды. Ал әртүрлі уақытта ояну мұндай байланыс көрсетпеген.

Зерттеу авторларының айтуынша, тұрақты ұйқы режимі адамның күнделікті өмір ырғағын көрсетеді және жүрек саулығын сақтауда маңызды рөл атқаруы мүмкін.

"Ұйқы кестесін тұрақты ұстау — көпшілігіміз әсер ете алатын маңызды факторлардың бірі", — деді зерттеу авторлары.

Tengrinews

Жарнама
Жарнама