ПОДЕЛИТЬСЯ
Көпшілік инфаркттың басты белгісі кеуденің қатты ауыруы деп ойлайды. Алайда бұл белгі барлық жағдайда байқала бермейді. Әсіресе әйелдерде инфаркт көбіне тұмау немесе тамақтан улану белгілеріне ұқсас, әдеттен тыс симптомдармен білінуі мүмкін, - деп хабарлайды TengriHealth "Доктор Питер" басылымына сілтеме жасап.
Миокард инфаркті әйелдер арасындағы өлімнің негізгі себептерінің бірі саналады. Медицина ғылымдарының докторы, кардиолог Вирджиния Колливердің айтуынша, кейінгі жылдары жастар, әсіресе әйелдер арасында инфаркт дерегі күрт көбейген. 2019 жылдан бері 18 бен 44 жас аралығындағы адамдар арасында бұл көрсеткіш 66 пайыздан аса өскен.
Мамандар бұған дұрыс тамақтанбау мен қимыл-қозғалыстың аздығы, қан қысымын көтеруі мүмкін контрацептив дәрілерді қабылдау, холестериннің жоғары болуы, депрессия және ұзақ уақыт бойы жиналған күйзеліс себеп болуы мүмкін екенін айтады.
Кардиологтың айтуынша, кеуденің ауыруы немесе жайсыздануы - ерлер мен әйелдерге ортақ негізгі белгілердің бірі. Алайда бұл ауырсыну көпшілік ойлағандай қатты болмауы мүмкін. Кей жағдайда кеуде мүлде ауырмайды.
"Әйелдерде инфаркттың бірден байқала қоймайтын белгілері ерлерге қарағанда жиірек кездеседі. Сондықтан оларды жүрек ұстамасының белгісі деп қабылдау қиын", - дейді доктор Колливер.
Бұл белгілер тұмауға, ас қорыту жүйесінің бұзылуына немесе күйзеліске ұқсап кетуі мүмкін. Сол себепті көп адам жедел жәрдем шақыруға асықпайды.
Кардиолог әйелдерде жиі кездесетін жасырын белгілерді атады:
"Осы белгілердің бірнешеуі қатар байқалса, дереу жедел жәрдем шақырыңыз. Әйелдерде инфаркт кезінде әдеттегі кеуде ауыруы болмауы мүмкін. Сондықтан ағзадағы өзгерістерге мұқият мән берген жөн", - деп ескертті маман.