ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті "Тауарларды таңбалау және қадағалау" ақпараттық жүйесінің көмегімен бөлшек саудадағы бағаларға мониторинг жүргізді. Қазақстандық дәріханаларда қай препараттар бағасы өзгеріссіз қалды, не арзандады, ал қай позициялар құны қымбаттағаны туралы TengriHealth хабарлайды.
Редакцияның ресми сауалына берген жауабында комитет 2026 жылғы 15 маусымдағы жағдай бойынша ресми мониторинг нәтижесі дәріханалардағы баға құбылып тұрғанын көрсеткенін хабарлады.
Мамандар үш негізгі категорияны атап көрсетті:
1. Өзгеріссіз қалған баға: препараттардың басым бөлігінің - 76,8 пайызының (2772 позиция) құны бұрынғы деңгейде қалған.
2. Бағаның төмендеуі: препараттардың 18,1 пайызының (654 позиция) бағасы арзандады. Оның ішінде:
3. Бағаның өсуі: препараттардың 5,1 пайызы (186 позиция) бойынша баға өсімі тіркелді. Оның ішінде:
Жүргізілген талдау ведомствоға бөлшек сауда бағасы көтерілген нақты дәрі-дәрмектерді анықтауға мүмкіндік берді:
Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті бағаның құбылуына географиялық фактор әсер ететінін атап өтті:
"Талдау көрсеткендей, бірдей дәрілік заттар еліміздің өңірлерінде әртүрлі бағамен сатылады. Бұл логистика ерекшеліктеріне, жеткізу шарттарына және бөлшек сауда субъектілерінің баға саясатына байланысты", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.
Мамандар фармацевтика нарығында баға жыл сайын ауытқитынын, бірақ мемлекет бекіткен шекті деңгейден аспайтынын айтады.
Ауытқудың негізгі себептері:
"Осылайша, бөлшек сауда бағасына жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша дәрі-дәрмектің едәуір бөлігі арзандады, кейбір позициялар бойынша баға өскені, сондай-ақ бұрынғы баға қалғаны байқалады".
Бұған дейін біз Қазақстанда антибиотиктерді бақылаусыз қолдану және оларды рецептсіз сату тақырыбы талқыланып жатқаны туралы жазған болатынбыз. Мұндай заңбұзушылықтардың қаншасы анықталғаны туралы мына жерден оқыңыз.
Тағы оқыңыз: Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасын реттеу өзгертіледі: бұл кімдерге әсер етеді?
Қазақстанда маркетплейстерде антибиотиктерді сатуға тыйым салынбақ