ПОДЕЛИТЬСЯ
Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңды қабылдады. Өзгерістердің бірі суррогат ана болу мәселесіне қатысты, - деп хабарлайды TengriHealth.
Заңның көптеген тармағы мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқаруды құқықтық реттеуді жетілдіруге бағытталған. Атап айтқанда, құжат жекелеген кірістерді аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер мен ауылдық округтер деңгейіне беруді қарастырады. Сөз, мысалы, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығы туралы болып отыр.
Айта кететін жайт, өзгерістердің бірі медицина саласына қатысты - ол суррогат ана болу мәселесімен байланысты.
Құжатта енді суррогат ана қызметіне тек некеде тұрған Қазақстан азаматтары ғана тапсырыс бере алатыны көрестілген.
Еске салайық, 2025 жылғы желтоқсанда Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова суррогат ана болуды реттеуге арналған ресми сауал жолдаған болатын. Оның пікірінше, заңнаманың жеткілікті деңгейде қатаң болмауы Қазақстанды шетелдіктер үшін тартымды етеді, бұл құқықтық қақтығыстарға, балалардың азаматтығы жоқ болып қалу қаупіне және "репродуктивті туризмнің" дамуына түрткі болады.
Кейін Мәжіліс депутаттары Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, суррогат ана болуға қатысты түзетулер әзірледі. Олар мынадай ұсыныстар білдірді: