Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы сегіз жылға ұзарған

Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы сегіз жылға ұзарған Кескін нейрожелі көмегімен жасалған

Денсаулық сақтау министрлігі 1991 жылдан бері қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы қалай өзгергенін айтты, деп хабарлайды TengriHealth.

Денсаулық сақтау министрлігі 1991 жылдан бері қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы қалай өзгергенін айтты, деп хабарлайды TengriHealth.

Ведомство мәліметінше, Қазақстанда күтілетін өмір сүру ұзақтығы 75,97 жасқа жетті - бұл еліміздің тәуелсіздік тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.

"1991 жылы өмір сүру ұзақтығының орташа көрсеткіші 67,6 жасты құраған болатын (2001 жылы - 65,6, 2011 жылы - 68,98, 2021 жылы - 70,23). Осылайша, үш жарым онжылдықтағы прогрестің арқасында Қазақстан азаматтарының орташа өмір сүру ұзақтығы 8 жылдан астам уақытқа ұзарды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Денсаулық сақтау министрлігі бұл көрсеткішке әсер еткен маңызды факторлардың бірі ретінде Қазақстандағы өлім-жітімнің негізгі себептері саналатын жұқпалы емес аурулармен күресу шараларын атады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама