ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі мәртебе туралы ақпарат беру тәртібін өзгерту жоспарланып отыр. Денсаулық сақтау министрлігі сақтандыру мәртебесін және аударылған жарналарды тексеруді жеңілдетуге бағытталған жоба әзірледі, деп хабарлайды TengriHealth.
Денсаулық сақтау министрлігі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысу туралы ақпарат беру жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына өзгерістер әзірледі.
Қызметті eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы электрондық форматта алуға болады.
Яғни, азаматтар мемлекеттік органдарға жеке жүгінбей-ақ, өздеріне ыңғайлы уақытта сақтандыру мәртебесін және төленген жарналар туралы мәліметтерді тексере алады.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта 17,5 миллион азамат МӘМС жүйесінің қатысушысы болып отыр.
"МӘМС жүйесі сақтандырылған азаматтарға төленген жарналардың мөлшеріне және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан медициналық көмектің кең көлеміне қол жеткізуге мүмкіндік береді", - деп еске салды министрлік өкілдері.
Тізбеге мыналар кіреді:
Бұған дейін Қазақстанда химиотерапиялық және сәулелік емдеуді қаржыландыру тәсілін өзгерту жоспарланып отырғаны хабарланған болатын.
Тағы оқыңыз: МӘМС-тегі жаңа қызметтер: 1 шілдеден бастап не өзгереді?
Қазақстандағы скринингке арналған демалыс: не өзгерді?
Қазақстанда емханаға тіркелу ережелері қалай өзгереді - толығырақ