ПОДЕЛИТЬСЯ
Денсаулық сақтау министрлігі қандай медициналық ұйымдар референс-орталық бола алатынын айқындады - олар дәрігерлерге емдеу тактикасын таңдауға көмектеседі және күрделі клиникалық диагноздарды қайта тексереді. Тиісті бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталда жарияланды, - деп хабарлайды TengriHealth.
Құжатқа сәйкес, мемлекеттік медициналық мекемелердің немесе квазимемлекеттік сектор ұйымдарының құрылымдық бөлімшелері референс-орталық мәртебесін ала алады.
Олар келесі талаптарға сай болуы тиіс:
Денсаулық сақтау министрлігі референс-орталықтар дәрігерлерге емдеу тактикасын таңдауға көмектеседі және күрделі клиникалық диагноздарды қайта тексереді деп жоспарлап отыр.
"Референс-орталықтар аурулардың жекелеген бейіндері мен медициналық қызметтер бойынша жетекші сараптамалық алаңдарға айналады", - делінген құжатта.
Орталықтардың негізгі міндеті медициналық ұйымдарға сараптамалық және әдістемелік қолдау көрсету болмақ. Олар келесі жұмыстарды атқарады:
Министрлік жаңа жүйе диагностика дәлдігін, зерттеу нәтижелерінің шынайылығын арттырып, күрделі жағдайларда қосымша сараптамалық бағалау деңгейін қамтамасыз етуі тиіс деп атап өтті.
"Түптеп келгенде, референс-орталықтар институтын енгізу пациенттің тұрғылықты аймағына қарамастан, мамандандырылған медициналық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді", - делінген хабарламада.
Бұл ретте пациенттер үшін ештеңе өзгермейді. Оларға референс-орталықтарға өз бетінше жүгінудің немесе қосымша процедуралардан өтудің қажеті болмайды.
"Референс-орталықтар медициналық ұйымдармен тікелей байланыс орнатып, оларға сараптамалық қолдау көрсететін болады".
Бұған дейін Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов жетекші медициналық мекемелер, соның ішінде ұлттық онкологиялық орталықтар келесідей зерттеулерді қайта тексере алатынын айтқан болатын: