Медицинадағы олигархтар ма? Депутат екі адамның өлімнен кейін клиникаларды тексеруді талап етті

Фото:depositphotos.com

Қазақстандық клиникалар мен зертханаларда тексеріс жүргізу қажет. Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов осындай мәлімдеме жасап, косметологиялық процедуралардан кейін адамдар қаза тапқан оқиғаларды еске салды, деп хабарлайды Tengri Health.

Қазақстандық клиникалар мен зертханаларда тексеріс жүргізу қажет. Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов осындай мәлімдеме жасап, косметологиялық процедуралардан кейін адамдар қаза тапқан оқиғаларды еске салды, деп хабарлайды Tengri Health.

Депутаттың айтуынша, бұған дейін Кәсіпкерлік кодекстегі шектеулер бірқатар жекеменшік медициналық ұйымдарда толыққанды тексеріс жүргізуге кедергі болып келген. Алайда кейінірек бұл нормалар қайта қаралды.

"Бізде кейбір олигархтар медициналық қызметпен айналысып, түрлі зертханалар ашып алды. Олардың өздерін тексергенін қаламайтыны түсінікті. Бірақ өткен жылы біз бұл ұйымдарды тексеру құқығын қайтардық. Жаңа туған нәресте шетінеп кеткен жағдай болды, бірақ Кәсіпкерлік кодексі тыйым салғандықтан біз тексере алмадық. Өткен жылы тексерістерді қайтардық, енді мұнда қатаң тексеру қажет. Техникалық та, санитарлық та тексерістер болуы тиіс деп есептеймін", - деді Мұрат Әбенов Мәжіліс кулуарында журналистерге берген сұхбатында.

Жарнама
Жарнама

Оның пікірінше, препараттарды сертификаттау мәселесіне ерекше назар аудару керек.

"Барлық препараттың сертификаты болуы өте маңызды. Олардың жартысында отандық сертификаттар жоқ екеніне сенімдімін. Бізде тіпті сертификат беріп үлгермей жатады. Бір аптаның ішіндегі екі өлім бұл салада үлкен берекетсіздік орнағанын аңғартады", - деп атап өтті ол.

Мұрат Әбенов косметологиялық процедуралардың жастар арасында да танымал екенін баса айтты.

"Қауіпсіз болып көрінгенімен, косметологиялық процедуралар препараттардың құрамына байланысты үлкен қатер төндіруі мүмкін. Анафилактикалық шок беріп, жас қызды құтқару мүмкін болмай қалуы ықтимал", - деді Әбенов.

Анықтама: Анафилактикалық шок - бұл өте жылдам дамитын және адам өміріне қауіп төндіретін аса қауіпті аллергиялық реакция. Көбінесе ол дәрі-дәрмекке, косметологиялық препараттарға, жәндіктердің шағуына немесе тағамдық аллергендерге жауап ретінде пайда болады.

Мән-жайы

Марқұмның келіні Сәуле Базархан 15 мамырда Алматыдағы жекеменшік клиникалардың бірінде жергілікті анестезиямен жасалған жоспарлы липосакция операциясынан кейін көз жұмғанын айтты. Оның сөзінше, отадан кейін бірнеше сағат бойы туыстарына пациенттің жағдайы туралы ақпарат берілмеген, ал өлімі туралы кейін хабарлаған.

Алматы Полиция департаменті Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын мәлімдеді. Қазір тергеу жүріп жатыр, оның нәтижесі бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.

Кейін Алматыдағы Smart Beauty Clinic жекеменшік клиникасы блогер Сәуле Базарханның қазасынан кейін ресми мәлімдеме жасады.

"Қазіргі уақытта болған жағдай бойынша заңнамада қарастырылған процедуралар жүргізіліп жатыр. Дәрігерлік құпияны сақтау қажеттілігіне, пациенттің отбасына деген құрметке, сондай-ақ жүргізіліп жатқан шаралардың объективтілігіне байланысты клиника ресми процедуралар аяқталғанға дейін оқиғаның мән-жайы мен медициналық егжей-тегжейіне қатысты көпшілік алдында түсініктеме беруді жөн санамайды", - делінген мәлімдемеде.

Кейінірек, Денсаулық сақтау министрлігі Сәуле Базархан қайтыс болған клиника туралы айтты.

"Клиника бұған дейін де осы мекенжай бойынша қызметін жүзеге асырған, бірақ ол кезде атауы басқа болған. 2020 жылы клиникада липосакция операциясынан кейін өлім жағдайы тіркелген болатын", - деді Медфармбақылау комитетінің төрағасы Бауыржан Жүсіпов.

Сәуле Базархан - танымал қазақстандық блогер әрі кәсіпкер. Әлеуметтік желілерде ол миллионнан астам оқырманы бар Сәуле Ермаханова ретінде танымал болатын. Базархан өз парақшаларында отбасы, бизнес, саяхат және жеке өмірі туралы бөлісетін.

Tengrinews

Жарнама
Жарнама