ПОДЕЛИТЬСЯ
Жақында Пхукеттен Алматыға жаңа туған нәрестені арнайы тасымалдау кювезімен жеткізу туралы оқиғадан кейін TengriHealth тілшісі Қазақстанда шетелден пациенттерді тасымалдайтын санитарлық авиация жүйесі қалай жұмыс істейтінін анықтауды ұйғарды. Пациенттер қандай жағдайларда эвакуациялануы мүмкін, ал қай кезде бас тартылатыны белгілі болды.
Денсаулық сақтау министрлігі біздің сауалымызға берген жауабында шетелден санитарлық авиациямен эвакуациялау арнайы бұйрықпен бекітілген ережелер бойынша жүргізілетінін хабарлады. Соған сәйкес, пациенттің отбасы науқас жатқан елдегі Қазақстан консулдығына тасымалдау туралы өтінішпен жүгіне алады.
Құжаттар жиналғаннан кейін консулдық қызмет өтінімді Сыртқы істер министрлігіне, содан кейін Денсаулық сақтау министрлігіне жібереді.
Осыдан кейін Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының (ҰШМҮО) басшылығы мен бейінді мамандарынан тұратын Медициналық атқарушы комитет өкілдері отырыс өткізеді.
Сарапшылар пациенттің медициналық құжаттарын зерделеп, оның жағдайын және бұл жағдайдың халықаралық тасымалдау критерийлеріне сәйкес келетін-келмейтінін бағалайды.
Сөз келесі санаттағы пациенттер туралы болып отыр:
Сондай-ақ қазақстандықтар стационарлық емделіп жатқан елде төтенше жағдайлар болғанда немесе төтенше жағдай режимі енгізілгенде ұшақпен тасымалдау қолданылуы мүмкін.
Шешім қабылдау кезінде мамандар ережелердің ресми критерийлерін ғана емес, сонымен қатар ұшу кезіндегі пациент үшін қауіп-қатерді де ескереді.
Егер комитет тасымалдау туралы шешім қабылдаса, ҰШМҮО мамандары пациент жатқан елге ұшып барып, оны алдын ала қажетті медициналық жабдықтармен жарақтандырылған ұшақ бортына қабылдайды және Қазақстанның медициналық мекемелеріне - облыстық, республикалық немесе елордалық клиникаларға дейін алып жүреді.
"Демек, пациент әуе кемесінің бортына қабылданғаннан кейін оған ҰШМҮО қызметкерлері жауапты болады", - делінген хабарламада.
Денсаулық сақтау министрлігі критерийлерге сәйкес келмеген жағдайда, сондай-ақ пациенттің жағдайы оны жерүсті көлігімен немесе тұрақты азаматтық рейспен тасымалдауға мүмкіндік берсе, эвакуациялаудан бас тартылуы мүмкін екенін баса айтты.
Сонымен қатар тасымалдауға қарсы көрсетілімдер болып мыналар саналады:
Бұл жағдайлар әдетте пациенттің қан айналымында күрделі мәселелер бар екенін және ағзаның оттегі тапшылығын сезініп жатқанын білдіреді.
Денсаулық сақтау министрлігі науқастарды шетелдік клиникалардан Қазақстанға санитарлық авиация желісі бойынша тасымалдау республикалық бюджеттен қаржыландырылатынын түсіндірді. Мемлекет ұшуды ұйымдастыруды, басқаруды және үйлестіруді қамтамасыз етеді. Ал авиациялық қызметтердің өзін Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығымен бір жылға келісімшарт жасасқан жеке авиациялық операторлар көрсетеді.
"Ұшу құны мемлекеттік сатып алу арқылы тендер өткізу жолымен осы бағыт бойынша ең төменгі баға ұсынысы негізінде айқындалады", - делінген сауалға берілген жауапта.
Пациенттің сақтандыруы болған күннің өзінде де, сақтандыру төлемдері көп жағдайда тасымалдау шығындарын өтемейді, деп бөлісті министрлік.
Денсаулық сақтау министрлігі халықаралық санитарлық авиацияны ұйымдастыру кезінде пациенттерді тасымалдау процесін кешіктіруі мүмкін кейбір нюанстар бар екенін хабарлады.
Мысалы, мамандар науқас жатқан клиникадан оның жағдайы туралы келетін медициналық ақпараттың кейде жеткіліксіз болатынын атап өтеді. Соның салдарынан халықаралық атқарушы комитеттің отырысында науқастың жағдайын нақты анықтау қиынға соғады.
"Бұл пациент жатқан клиникаға қосымша сұраныстар жолдауға мәжбүрлейді және тасымалдау туралы шешім қабылдау уақытын ұзартады. Сонымен қатар халықаралық тасымалдау бойынша авиациялық қызметтерді сатып алу тендерін өткізу де уақытты қажет етеді, бұл пациенттің жағдайына әсер етуі мүмкін", - деп мәлімдеді министрлік.
Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес: