Ұлттық банк Қазақстанда 2000 теңгелік банкнотты қабылдау тоқтатылатынын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк Қазақстанда 2000 теңгелік банкнотты қабылдау тоқтатылатынын мәлімдеді Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк ескі банкноттардың жақын арада айналымнан шығарылатынын хабарлады. Қай купюралар қабылданбайтынын және қазақстандықтар мерзімі өткеннен кейін оларды қайда айырбастай алатынын Tengri Life тілшісі анықтады.


Ұлттық банк ескі банкноттардың жақын арада айналымнан шығарылатынын хабарлады. Қай купюралар қабылданбайтынын және қазақстандықтар мерзімі өткеннен кейін оларды қайда айырбастай алатынын Tengri Life тілшісі анықтады.

2000 және 10 000 теңгелік купюралар

2026 жылғы 24 маусымда ескі үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттарды пайдалану мерзімі аяқталады.

"2026 жылы номиналы 2000 теңгелік банкноттар үшін параллель айналым кезеңі аяқталады - 2024 жылғы 25 желтоқсаннан 2026 жылғы 24 маусымға дейін", - деп еске салды Ұлттық банк.

Фото: nationalbank.kz

Бұған дейін 2026 жылғы 27 маусымда ескі үлгідегі 10 000 теңгелік купюра да айналымнан шығатыны хабарланған, алайда қаржы реттеушісі мерзімді бір жылға ұзарту туралы шешім қабылдады.

"Номиналы 10 000 теңгелік банкноттардың параллель айналым мерзімін бір жылға - 2027 жылдың маусымына дейін ұзартылатыны туралы хабарлаймыз", - делінген жауапта.

Фото: nationalbank.kz

2026 жылдың маусымынан кейін 2000 теңгелік купюраларды қайда айырбастауға болады?

Егер азаматтар ескі банкноттарды мерзімі аяқталғанға дейін жұмсап үлгермесе, олар купюраларды банктер мен "Қазпошта" бөлімшелерінде айырбастай алады.

"Параллель айналым кезеңі аяқталғаннан кейін де барлық банк пен "Қазпошта" АҚ ескі үлгідегі банкноттарды тағы 3 жыл бойы жаңа үлгідегі банкноттарға айырбастайтын болады, ал Ұлттық банк филиалдары - мерзімсіз", - деп хабарлады Ұлттық банк.

Сондай-ақ көрсетілген мерзімдер аяқталғанға дейін барлық кәсіпкер екі үлгідегі купюраларды да қабылдауға міндетті.

"Жаңа және ескі үлгідегі банкноттар олардың параллель айналымы кезеңінде заңды төлем құралы болып саналады, ҚР бүкіл аумағында олардың атаулы құны бойынша қабылдануы міндетті", - делінген хабарда.

Ескі купюралар не үшін айналымнан шығарылады?

Ұлттық банкте банкноттардың жаңа "Сақ стилі" сериясы айналымға кезең-кезеңімен енгізілетінін түсіндірді. Жаңарту кезінде ескі және жаңа купюралардың параллель айналым кезеңі қолданылады.

"Бұл адамдардың сатып алған заттары үшін осы банкноттармен төлей алатынын, сондай-ақ оларды жаңасына айырбастай алатынын білдіреді. Бұл уақытта банктер банкоматтар мен кассалық жабдықтарды жаңа банкноттармен жұмыс істеуге бейімдейді. Мұндай тәсіл халық пен бизнес үшін айырбастау кезінде асығыстық пен қолайсыздықты болдырмауға мүмкіндік береді", - деп түсіндірді Ұлттық банк өкілдері.

Tengrinews