15 қазан 2021 | 11:20

"Бізде әлсіздерге орын жоқ". Басқаларға көмектесу - оның жұмысына айналған

Адамды тірі табу - олардың басты мақсаты. Еріктілер кез келген ауа райында, тәуліктің кез келген уақытында жұмыс істейді. Мұнда Lider.kz қоғамдық бірлестігінің еріктілері туралы әңгімелеп отырмыз. Топ туралы алғаш рет 2016 жылы хабар болған. Сол кезде Ақмола облысында екі жасар қыз жоғалып кеткен. Еріктілер тобы оны іздеуге кіріскен. Ал кейін бұл топ жоғалған адамдарды іздеуге бағытталған үлкен бірлестікке айналды. Алматы облысы мен Алматы қаласындағы еріктілер командасын Дильмира Блац есімді ғажап әйел басқарады. Tengrinews.kz "Арамыздағы батырлар" медиажобасы аясында Дильмира Блац туралы баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Адамды тірі табу - олардың басты мақсаты. Еріктілер кез келген ауа райында, тәуліктің кез келген уақытында жұмыс істейді. Мұнда Lider.kz қоғамдық бірлестігінің еріктілері туралы әңгімелеп отырмыз. Топ туралы алғаш рет 2016 жылы хабар болған. Сол кезде Ақмола облысында екі жасар қыз жоғалып кеткен. Еріктілер тобы оны іздеуге кіріскен. Ал кейін бұл топ жоғалған адамдарды іздеуге бағытталған үлкен бірлестікке айналды. Алматы облысы мен Алматы қаласындағы еріктілер командасын Дильмира Блац есімді ғажап әйел басқарады. Tengrinews.kz "Арамыздағы батырлар" медиажобасы аясында Дильмира Блац туралы баяндайды.

Бірде Дильмира мессенджерден аулындағы пошташы әйел жоғалып кеткені айтылған хабарламаны көреді. Ол тасада қалмай, бүкіл ауылмен бірге әйелді іздестіруге шыққан. Содан бері ол еріктілер тобында.

Дильмира Блац. Фото Tengrinews.kz

Реклама
Реклама

"Өзіме миллион рет сұрақ қойдым: маған бұл не үшін керек? Өзіме "Сенің балаларың, немерелерің бар - солардың шаруасымен айналыс!" деймін. Бірақ бұл бір сәттік әлсіздік қана. Бұл әлсіздік тез-ақ ұмытылады, сол кезде шынымен түсінемін: егер мен, менің адамдарым болмаса, оларға кім көмектеседі? Жылаған әйел немесе шашы ағарған ер адам келіп, немересі немесе қарт анасы жоғалып кеткенін айтса, мен қалай тасадан қарап тұрамын? Мүмкін емес. Меніңше, егер қазір мұны жасамасам, өзімді өмір бойы кешірмеймін", - дейді Дильмира.

Қазір Lider.kz қозғалысында бір Алматының өзінде 100 ерікті бар. Олардың тең жартысы - іздеуге үйреніп, маманданған адамдар. Жалпы, қозғалыс Қазақстанның 50 қаласынан 6 мың адамды біріктіреді. Олардың бәрі жоғалған адамды тегін іздейді. Жан қалауымен келетін жұмыс осы шығар.

"Психологиялық тұрғыдан алғанда кез келгені төзе бермейді. Алғаш рет іздеуге шыққанда жоғалған адам тірі табылмаса, кейбірі келесіде іздеуге шықпайды. Сөйтіп, командада мықтылар қалады. Бізде әлсіздерге орын жоқ. Бәрі бірдей 20 шақырым жаяу жүре алмайды, кез келген адам екі күн бойы далада жүріп, қолда бар бір нан-сумен тамақтана алмайды. Тек көшбасшылар шыдай алады. Ең бастысы - бәрін бірдей жүрегіңе жақын қабылдамау, әйтпесе сен де шыдай алмайсың", - дейді Дильмира Блац.

Ол 2020 жылы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Жомарт жүрек" сыйлығының "Ерен еріктілік" номинациясының лауреаты атанған. 

Жоғалған адамды полициямен бірге іздеу барысы

Жоғалған адамдарды іздеуге негізінен 25 жастан асқан еріктілер жұмылады. Бәрінің негізгі жұмысы, қиын сәтте шет қалмайтын отбасы бар. Көбі іздеуге түгел отбасымен келеді. Ең жақсы үлгі ретінде Дильмираны айтуға болады.

"Менің бүкіл отбасым - еріктілер. Кенже ұлым Илья - жастар қанатында, онда 15-16 жастағы жігіттер жиналған. Күйеуім басында күмәнмен қарайтын, кейін адамдар табылып жатқанын көріп, ол да қосыла бастады", - дейді Дильмира.

Еріктілер қозғалысының негізгі мақсаты - қарттар мен балаларды іздеу. Балалар мен жасөспірімдерді табу оңай болса, қарт адамдарды табу әлдеқайда қиын: олардың көбі есте сақтау қабілетін жоғалтқан. Былтыр еріктілер тобы 263 адамды, ал 2021 жылдың алғашқы жартысында 140 адамды тірі тапты. Қазақстандықтар біріксе, алынбайтын қамал жоқ.

Tengrinews.kz "Арамыздағы батырлар" жобасын "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институтымен бірге жүзеге асырып жатыр. 

Жобаның мақсаты - заманымызда адам өмірін құтқарып, басқаларға көмектесетін, сонымен қатар, қиындықтарға қарамастан спортта биік шыңдарға жеткен қарапайым батырлар туралы айту. Бұл - кейде халық назарына түспесе де, үлкен ерліктер туралы оқиғалар.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная