ПОДЕЛИТЬСЯ
17 қараша 2021 | 11:00
Елордалық нұсқаушы ерекше балаларды тегін жаттықтырып жүр
2018 жылы Қазақстанда алғаш рет бірегей балалар орталығы - "Жас жауынгер" дене шынықтыру-сауықтыру клубы ашылды. Мұнда ерекше қажеттіліктері бар балалар бейімделу спортымен шұғылданады. Аптасына үш күн, бір жарым сағаттан. Бәрі тегін. Балаларға арналған ерекше спортзалдың негізін қалаушы - 32 жастағы елордалық Садық Байымбетов. Ол емдік дене тәрбиесі бойынша нұсқаушы. Күндіз ол негізгі жұмысында, ал кешке жас спортшыларды жаттықтырады. Tengrinews.kz "Арамыздағы батырлар" жобасы аясында жаттықтырушымен сөйлесіп, сабақтар қалай өтетінін, балалар қандай нәтижеге қол жеткізетінін және жаттығуларға қалай баруға болатынын сұрады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
2018 жылы Қазақстанда алғаш рет бірегей балалар орталығы - "Жас жауынгер" дене шынықтыру-сауықтыру клубы ашылды. Мұнда ерекше қажеттіліктері бар балалар бейімделу спортымен шұғылданады. Аптасына үш күн, бір жарым сағаттан. Бәрі тегін. Балаларға арналған ерекше спортзалдың негізін қалаушы - 32 жастағы елордалық Садық Байымбетов. Ол емдік дене тәрбиесі бойынша нұсқаушы. Күндіз ол негізгі жұмысында, ал кешке жас спортшыларды жаттықтырады. Tengrinews.kz "Арамыздағы батырлар" жобасы аясында жаттықтырушымен сөйлесіп, сабақтар қалай өтетінін, балалар қандай нәтижеге қол жеткізетінін және жаттығуларға қалай баруға болатынын сұрады.
Садық Байымбетов елордадағы қайырымдылық қорлардың бірінде емдік дене шынықтыру бойынша нұсқаушы болып жұмыс істейді. Онда ерекше балаларға диагнозына байланысты істеуге қиналатын қарапайым дағдыларды үйретеді. Оларға домалауға, басын ұстауға, отыруға және жүруге көмектеседі.
"Жұмыста бұл балалардың оқуға және спортпен шұғылдануға қабілеті бар екенін байқадым. Сол кезде олардың физикалық мүмкіндіктерін жақсарту, яғни спортпен шұғылданатын балалар үшін бейімделген спортзал ашу ойыма келді", - дейді Садық.
Осылайша "Жас жауынгер" дене шынықтыру-сауықтыру клубы пайда болды. 2018 жылы бұл жай жертөледе орналасқан 60 шаршы метрлік бөлме еді, онда 40 бала жаттығатын. 2020 жылы Садық пен оны қолдайтындарға Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жауынгерлік өнер қауымдастығы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайынан зал ұсынған, қазір мұнда 80 бала бейімделу спорт түрлерімен айналысады. Жас спортшылар бокс, күрес, армрестлинг және ММА (аралас жекпе-жек) секцияларына қатысады.
"Бейімделу спорты несімен пайдалы? Бала өзін-өзі емдейді, психоэмоционалды фон мен координациясы жақсарады және ең бастысы командада жұмыс істейді. Біз оларды бала кезінен Паралимпиада ойындарына дайындағымыз келеді. Неге жауынгерлік өнер? Себебі қазіргі уақытта бұл бағыт өте танымал. Біздің балалар Геннадий Головкин, Хабиб Нурмагомедов, Конор Макгрегор сияқты болғысы келеді. Олар кумиріне еліктейді. Сондықтан бізге спортзалға келіп, қолғап киіп, күресуді бастайды. Біз балаларға аяғынан тік тұруға көмектескіміз келеді. Бейімделгіш спорттың арқасында алғаш қадам жасаған балалар да бар", - дейді Садық Байымбетов.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Sadyk (@baimbetov89)
Спорт клубына 4-5 жастан баруға болады. Бұл балалар командаға жақсы жауап беріп, оларды мұқият орындай алатын уақыт. Орталықтың барлық маманы - ЕДТ бойынша тәжірибелі нұсқаушылар. Олардың әрқайсында баланың ыңғайын таба алатын тәсілі бар.
"Біздің өз әдістемелеріміз, жаттығу өткізу бойынша нұсқауларымыз бар. Біз балаларға бір минут босаңсуға мүмкіндік бермейміз. Мысалы, бала "спастикалық диплегия" немесе "тетрапарез" диагнозымен келді делік. Олардың қолы қисайып тұрады. Бірақ біз оған қолғап кигізіп, алдымен қолы жететін деңгейде ұрғызамыз, содан кейін кеуде деңгейіне, сосын бет деңгейіне көтереміз, сөйтіп оның қолы дамиды, жұмыс істей бастайды. Жүре алмайтын балаларды тірек болуы үшін қабырғаға тақап, қолғап береміз. Солай тұрып бокстасады, кейін алшақтай береміз, содан бүгін бір қадам, ертең екі қадам, кейін үш қадам жасайды. Осылайша нәтиже пайда болады", - дейді Садық.
Сондай-ақ, әдістемеге сәйкес залда бір кілемде ерекше балалар, екіншісінде қарапайым балалар айналысады. Бұл балалар арасындағы шекараны бұзып, қоғамдағы психологиялық және әлеуметтік бейімделуге ықпал етеді.
"Балаларымыз үшін бұл үлкен мотивация, олар дені сау баланың жатыққанын көргенде, оларға еліктеуге, мақсатына жетуге тырысады. Жаттығудан кейін олар әңгімелеседі, біз оларға дос болуға, қоғамға бейімделуге үйретеміз. Балалар атақты спортшылармен де кездеседі, жазда Хабиб Нурмагомедов келді. Олар бұл туралы сыныптастарына айтып, алған әсерін бөліседі. Эмоциялық жағдайы жақсы бала ауруын да ұмытып кетеді. Қуаныш арқылы бала қалпына келе бастайды, спортзалға қуана келеді де көп жаттығады, бұны өзін-өзі емдеу десе болады. Динамика болады, жақсару байқалады", - дейді жаттықтырушы.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Sadyk (@baimbetov89)
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Sadyk (@baimbetov89)
"Жас жауынгер" клубы жылдың үздік ұйымы атанған, ал 2020 жылы оның негізін қалаушы Садық Байымбетов "Жыл тұлғасы" номинациясында марапатқа ие болған. Садық пен оның командасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Жауынгерлік өнер қауымдастығының қолдауымен бүкіл Қазақстан бойынша осындай клубтар ашуды жоспарлап отыр. Ал әзірше Нұр-Сұлтандағы орталыққа ғана баруға болады, ол үшін клубтың негізін қалаушы Садық Байымбетовке Instagram-да (baimbetov89) жазыңыз немесе телефон арқылы +7 702 403 53 51 нөміріне хабарласу керек.
Tengrinews.kz "Арамыздағы батырлар" жобасын "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институтымен бірге жүзеге асырып жатыр. Жобаның мақсаты - біздің заманымыздың қарапайым кейіпкерлері туралы айту, олар өз әрекеттерімен өзгелердің өмірін сақтап, басқаларға қол ұшын созып жүрген, сондай-ақ қиындықтарға қарамастан спортта жетістіктерге жетіп жүрген азаматтар. Бұл кейде байқалмайтын, бірақ шын мәнінде жоғары адами ерліктер туралы оқиғалар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также