Желіде мұз қатқан пойыз әжетханасының видеосы тарады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Желіде мұз қатқан пойыз видеосы тарады. Оқиға "Өскемен-Астана" бағытындағы пойызда болған. Бұл жайтқа қатысты "Жолаушылар тасымалы" өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желіде мұз қатқан пойыз видеосы тарады. Оқиға "Өскемен-Астана" бағытындағы пойызда болған. Бұл жайтқа қатысты "Жолаушылар тасымалы" өкілдері пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео әлеуметтік желіде пайда болды.

Реклама
Реклама

"Жолаушылар тасымалы" баспасөз қызметі өкілдері "Өскемен-Астана" пойызының вагонында жылыту жүйесінде ақау болғанын айтты.

"Жолаушылар басқа вагонға ауыстырылды. Бүгінде вагондар Астана станциясының техникалық қызмет көрсету пунктінде орналасқан. Жылыту жүйесінде шыққан ақауды жою бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Вагондарға техникалық қызмет көрсету бойынша Patentes Talgo жауапты. Ұлттық тасымалдаушы қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды", - деді компания өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама