ПОДЕЛИТЬСЯ
27 қазан 2021 | 12:14
"Жетістікке жетеріңе сен". 23 жастағы талдықорғандық жігіт зағиптарға арналған смарт-білезік жасап жатыр
Мұндай жасты, әдетте, "Болашағы бар жігіт!" дейді. 23 жастағы Дамир Нұркежанов - дегеніне өзі жететін жаңа жас буынның жарқын өкілі. Неге десеңіз, ерекше қажеттіліктері бар Дамир студент кезінде Талдықорғанда бағдарламалау және роботтехника мектебін ашқан. Бәрі бірден бола қоймаса да, бұл жас кәсіпкерге жаңа серпін беріпті. Tengrinews.kz "Арамыздағы батырлар" жобасы аясында жігіттің қиындықтарды қалай еңсеріп, жаңа белестерге қалай ұмтылғаны туралы әңгімелейді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мұндай жасты, әдетте, "Болашағы бар жігіт!" дейді. 23 жастағы Дамир Нұркежанов - дегеніне өзі жететін жаңа жас буынның жарқын өкілі. Неге десеңіз, ерекше қажеттіліктері бар Дамир студент кезінде Талдықорғанда бағдарламалау және роботтехника мектебін ашқан. Бәрі бірден бола қоймаса да, бұл жас кәсіпкерге жаңа серпін беріпті. Tengrinews.kz "Арамыздағы батырлар" жобасы аясында жігіттің қиындықтарды қалай еңсеріп, жаңа белестерге қалай ұмтылғаны туралы әңгімелейді.
Дамир Нұркежанов бала кезінен құрастыруды жақсы көреді. "Құрастыру" асыра айтылған сөз, деп әзілдейді кейіпкеріміз. Дамир әртүрлі механизмді бөлшектегенді ұнатады. Әсіресе сағатты.
"Бірнеше сағат сындырдым, ата-анам кейде ұрысатын, бірақ жалпы ісіме көзқарасы жақсы еді", - дейді Дамир.
Ол мектепте информатика сабағын аса ұнатпаған. Дамир үшін мектеп бағдарламасы өте қарапайым, ішпыстырарлық еді. Ол осы салада көбірек білім алғысы келді. Содан университетке "Ақпараттық жүйелер" мамандығына түседі. Бағдарламалауды үйрене бастайды. Бұл сала жігітті қызықтырғаны сонша, барлық уақытын осыған арнай бастайды.
"Мен бағдарламалауды өте жақсы білетінмін, достарым "Мені де үйретші" дейтін. Сөйтіп оларға көрсете бастадым, ал сыйақы ретінде шелпек, самса алып беретін. Бұл бірінші курста еді. Мен ол кезде 18 жастамын. Кейін бағдарламалауды үйрететінімді Интернетте жариялауды ұйғардым. Алғашқы клиенттерімді таптым. Бірақ ол кезде менде оқытатын орын да, жеке ноутбук те болмады. Студенттер өз ноутбугымен келетін, мен оларды жеке-жеке үйрететінмін", - дейді Дамир.
Үшінші курста Дамир роботтехникамен танысып, алғаш рет өз роботын құрастырып шықты.
"Осыдан "Неге роботтехника мектебін ашпасқа?" деген ой келді. Талдықорғанда мұндай мектептер болған жоқ, екі үйірме ғана бар еді. Түрлі конкурстарға, стартаптарға қатыса бастадым, бірақ үш жылдай еш жерде жеңбедім. 4-курста мектеп ашу туралы идеямды тағы да ұсындым, сөйтіп бір миллион теңге грант жеңіп алдым. Бұл сомаға біз тек үш ноутбук пен роботтехникаға қажет үш жиынтық, бір проектор сатып алдық және 20 шаршы метрден кіші бөлме жалдадық. 5 оқушым болды. Жарты жыл пайда түскен жоқ, мен сол кезде университетте жарты айлыққа жұмыс істейтінмін, барлық жалақым мен шәкіртақыма мектеп шығындарын жабатынмын", - дейді жігіт.
Сол кезде Дамир Future-IT-ді жаппақ болады, алайда оқушылары роботтехникадан облыстық олимпиадада нәтиже көрсетіп, екінші орынға ие болғанда шешімін өзгерткен.
"Оқушыларымның жеңісі ынта берді. Бұл істі тастаудың қажеті жоқ деген ойға келдім. Қаншалық қиын болса да, әрі қарай дамытатын болдым. Бизнесте тәлімгер таптым, ол маған "Сен өз жобаңа сенбейсің, осыдан қиындықтар туындап жатыр, жетістікке жетеріңе сен, сонда барлығы жақсы болады" деді. Мен сендім. Табандылық қажет. Маған тағы қандай сөздер көмектескенін білесіз бе? Алқашғы кезде нәтиже болмайды, тағы 10 рет тырысып көру қажет. Томас Эдисон 10 мың рет лампа жасауға тырысқан, сондықтан кем дегенде 10 рет сынап көру керек, содан кейін ғана бағытыңды өзгертуге болады", - дейді Дамир.
Бүгінде Дамирдің мектеп ашқанына 2,5 жылдан асты, онда 90 бала оқиды. Оның оқушылары 11 рет республикалық олимпиадада жеңіске жеткен, халықаралық олимпиадаға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Ал Дамирдің өзі әріптестерімен бірге қазір маңызды жобамен - зағип жандарға арналған смарт-білезік әзірлеумен айналысып жатыр.
"Бір зағип жанның өтініші бойынша таяқшаны алмастыра алатын ақылды білезік жасап жатырмыз. Білезік кедергілерді анықтап, оларды вибрация түрінде хабарлайды. Прототипін жасап қойдық. Қазір оны жақсарту үшін жұмыс істеп жатырмыз. Қажет бөлшектерді іздеп жатырмыз. Менің арманым - Қазақстанда адамдарға көмектесетін роботтар шығару. Дүниежүзілік экономикалық форумда 2022 жылға қарай 75 миллион адам жұмысынан айрылады деген болжам айтылды. Оларды робот алмастырады. Робот өз міндетін нақты, тез, уақытында орындайды, жалақы сұрамайды, ауырмайды, шаршамайды. Бұл бизнесмен үшін өте ыңғайлы. Бірақ жақсы жаңалық та бар, осы роботтарды жөндейтін және бағдарламалайтын мамандар қажет болады. Сондықтан IT мамандықтар 4 есе көбейеді. Болашақ осында", - деді Дамир.
Жігіт 2019 жылы ҚР Тұңғыш Президенті қорының "Ел үміті" марапатына ие болған, ол әлеуетті дарынды жастарға беріледі. Ал 2021 жылы "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының жеңімпазы атанды.
"Арамыздағы батырлар" жобасын Tengrinews.kz "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институтымен бірлесіп жүзеге асырады.
Жобаның мақсаты - біздің заманымыздың қарапайым кейіпкерлері туралы айту, олар өз әрекеттерімен өзгелердің өмірін сақтап, басқаларға қол ұшын созып жүрген, сондай-ақ қиындықтарға қарамастан спортта жетістіктерге жетіп жүрген азаматтар. Бұл кейде байқалмайтын, бірақ шын мәнінде жоғары адами ерліктер туралы оқиғалар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также