09 желтоқсан 2021 | 11:26

"Қоғамға пайдалы болу". Алматы облысында Мүгедектер бірлестігі мұқтаж жандарға көмектесіп жүр

"Басқаларға көмектесу біз ойлағаннан да оңай". Қайырымдылық бағдарламамен тиімді айналысқаны үшін "Жылдың үздік ұйымы" номинациясында "Жомарт жүрек" сыйлығының лауреаттары атанған "Самға-Н" мүгедектер қоғамдық бірлестігінің еріктілері осылай дейді. Үкіметтік емес ұйым ерекше адамдарды, көп балалы отбасылар мен өмірлік қиын жағдайға тап болған жандарға көмек қолын созады. Tengrinews.kz Қоғамдық бірлестіктің Алматы облысы Талғар қаласы және Талғар ауданы бойынша жетекшісі Назгүл Рысбаевамен кездесіп, осы жылы қандай көмек көрсетілгенін білді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Басқаларға көмектесу біз ойлағаннан да оңай". Қайырымдылық бағдарламамен тиімді айналысқаны үшін "Жылдың үздік ұйымы" номинациясында "Жомарт жүрек" сыйлығының лауреаттары атанған "Самға-Н" мүгедектер қоғамдық бірлестігінің еріктілері осылай дейді. Үкіметтік емес ұйым ерекше адамдарды, көп балалы отбасылар мен өмірлік қиын жағдайға тап болған жандарға көмек қолын созады. Tengrinews.kz Қоғамдық бірлестіктің Алматы облысы Талғар қаласы және Талғар ауданы бойынша жетекшісі Назгүл Рысбаевамен кездесіп, осы жылы қандай көмек көрсетілгенін білді.

Мүгедектер қоғамдық бірлестігі 2017 жылы ашылып, төрт жыл ішінде Талғардағы халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек және қолдау көрсету бойынша көшбасшыға айналды. Осы жылдың өзінде олар аудандағы 150 отбасына көмектесті.

"Оның ішінде 105 отбасы азық-түлік себетін, 15 отбасының балаларын мектепке жинауға көмектестік - кеңсе тауарлары мен мектеп формасын алды, 20 отбасы жылы киім - пальто, күртеше, тон және 10 отбасыға қажетті тұрмыстық техника - тоңазытқыш, кір жуғыш машина және басқалар жеткізілді", - дейді Назгүл Рысбаева.

Реклама
Реклама

Назгүл Рысбаева командамен бірге материалдық қана емес, заңгерлік те көмек көрсететінін айта кеткен жөн. Мысалы, жақында еріктілер төрт баланы жалғыз тәрбиелеп отырған әйелге тұрғын үй алуға кезекке тұруға көмектесті.

"Ол төртінші баласына жүкті кезінде күйеуі тастап кеткен. Үйсіз қалдырып, оған да, балаларына да көмек көрсетпейді. Сәби дүниеге келгеннен кейін әйел инсульт алған. Ол ауруханадан шыққаннан бері балаларымен бірге жатақханадағы жалдамалы пәтерде тұрады. 67 мың теңге жәрдемақы алады. Сол жатақханада тазалаушы болып та жұмыс істейді. Ақшасы тек пәтер жалдауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге жетеді. Оған көршілері мен таныстары көмектесіп жүрген. Біз ол кісіге келгенде ең алдымен қажетті азық-түлік пен заттарды әкелдік. Кейінірек далада қар жатқанда балалары мектепке жылтық кроссовкамен баратынын білдік. Отбасы мүшелерінің ешқайсында қыстық аяқ киім болмаған. Біздің ұйым осы отбасына көмек көрсету үшін Талғар аудандық мәслихат депутаттарына жүгінді. Депутаттар отбасна бес жұп қысқы аяқ киім сатып алды, ал біз жылы киіммен, мектеп формасымен және 2 айға жетерлік азық-түлікпен қамтамасыз еттік. Сондай-ақ, оларды АsarUme қайырымдылық қорына тұрғын үй кезегіне қойдық", - дейді Назгүл.

2020 жылдың маусымында Еламан ауылындағы жеті адамнан тұратын отбасы баспанасыз қалды - үйлері өртеніп кетті. Абырой болғанда, бес бала мен ата-анасы зардап шеккен жоқ. Оқиғаны естіген "Самға-Н" қызметкерлері шұғыл жиын ұйымдастырып, отбасына құрылыс материалдарын сатып алуға көмектесті.

"Өрт туралы ақпарат таңертең түсті, ал түске жақын біз үй иелерінің алдында тұрдық. Бүкіл үй өртеніп кеткен. Бір апта ішінде үй құрылысына жетерлік сома жинай алдық. Бұл қаражатқа сусымалы материалдардың үш жүк машинасы - тас ұнтақтары, құм, қиыршық тас, 45 қап цемент, отбасына азық-түлік пен киім-кешек сатып алынды. Осылайша қыс басталғанша отбасы жаңа үйге қоныстанды", - дейді Назгүл Рысбаева.

2020 жылдың желтоқсанында қоғамдық бірлестік волонтерлері "Жылдың үздік волонтерлері" атағын алды.

"2020 жыл "Еріктілер жылы" болды және біз бұл марапатты адал еңбекпен алдық. Бүкіл әлемді қорқынышты ауру жаулап, елімізде жолдар жабылғанда да біз адамдарға көмектесуге тырыстық. Еріктілеріміз өзін жақсы қырынан көрсетті, олардың менімен жұмыс істейтініне мақтанамын. Мен үшін волонтер - қайғыны сырттан бақылап қана қоймай, қиындықтар мен кедергілерге қарамастан көмектесуге асығатын адам. Бүгін біреуге көмектестіңіз, ал ертең сізге көмек қажет болуы мүмкін. Менің өмірімде де солай болған, адамдардың көмегі мен қолдауы керек кездер болды. Менің өмірлік ұстанымым - қоғамға пайдалы болу", - дейді Назгүл.

Ұйым жас ұрпаққа үлгі көрсете отырып, жақсылық жасауын жалғастыруды жоспарлап отыр. Қазір еріктілердің Алматы облысы Талғар ауданындағы балаларды сыйлықтармен қуанту үшін жаңа жылға дайындығы қызу жүріп жатыр.

Tengrinews.kz "Арамыздағы батырлар" жобасын "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институтымен бірге жүзеге асырып жатыр. Жобаның мақсаты - біздің заманымыздың қарапайым кейіпкерлері туралы айту, олар өз әрекеттерімен өзгелердің өмірін сақтап, басқаларға қол ұшын созып жүрген, сондай-ақ қиындықтарға қарамастан спортта жетістіктерге жетіп жүрген азаматтар. Бұл кейде байқалмайтын, бірақ шын мәнінде жоғары адами ерліктер туралы оқиғалар. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная