ПОДЕЛИТЬСЯ
08 желтоқсан 2021 | 20:58
Петропавлдық меценат оқушыларға шәкіртақы тағайындап, жануарларға баспана салды
Табысты болу - әр адамның арманы. Бірақ ол үшін кейде қиын жолдан өту керек. Мысалы Солтүстік Қазақстан облысындағы танымал кәсіпкер Андрей Исаков. Ол 90-жылдары қиын кезеңде кәсіп ашып, табысты бола білді. Бүгінде Андрей - тек кәсіпкер емес, аймақтағы маңызды әлеуметтік бағыттарды қолдайтын меценат. Андрей Исаков қайырымдылық қызметі үшін биыл "Жомарт жүрек" премиясының "Жылдың үздiк қамқоршысы" номинациясы бойынша лауреаты атанды. Tengrinews.kz тілшісі "Арамыздағы батырлар" жобасы аясында петропавлдық меценат жайлы әңгімелейді.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Табысты болу - әр адамның арманы. Бірақ ол үшін кейде қиын жолдан өту керек. Мысалы Солтүстік Қазақстан облысындағы танымал кәсіпкер Андрей Исаков. Ол 90-жылдары қиын кезеңде кәсіп ашып, табысты бола білді. Бүгінде Андрей - тек кәсіпкер емес, аймақтағы маңызды әлеуметтік бағыттарды қолдайтын меценат. Андрей Исаков қайырымдылық қызметі үшін биыл "Жомарт жүрек" премиясының "Жылдың үздiк қамқоршысы" номинациясы бойынша лауреаты атанды. Tengrinews.kz тілшісі "Арамыздағы батырлар" жобасы аясында петропавлдық меценат жайлы әңгімелейді.
Андрей Исаковтың кәсіпкерлік қызметі бала кезінен басталған. Ол мектепте шетелдік рок-әншілердің музыкасы бар граммофон күйтабағын сатып, дәріхана бөтелкелерін жинап, автобуста кондуктор болып істеген. Ал тоғызыншы сыныпта досымен нағыз кәсіп ашқан.
"Досыммен панама тігіп, сата бастадық. Жаз мезгілі болатын, ол нағыз сұраныс көп кез. Мата сатып алып бір панаманы алып, одан пішін жасап, бір үлгі шықты. Үйімізде тігін машинасы болатын, сонымен өзіміз тіктік. Бұл алғашқы тәжірибеміз болды. Бала күнімізден өз еңбегімізбен, ата-анамыздан сұрамай ақша табуға тырыстық. Бірақ 88-89-жылдарға дейін бизнес, кооперация, сауда деген түсінік болмайтын, тек алып-сату бар еді, ол үшін қамауға алатын. Маған ата-анам "не үшін онымен айналысып жүрсің, ол алып-сату ғой, уақытша ғой, одан да барып оқы" дейтін", - деп еске алды Андрей Исаков.
Бірақ болашақ кәсіпкер онымен тоқтап қалмаған. 90-жылдар басталып Андрей көптеген адам секілді бизнеспен айналыса бастады. Бастапқыда алып-сатарлық бизнес бастап, артынша қалада дүңгіршектер желісін ашып, кейіннен шетелден көтермелеп тауар сатып алып, бүкіл Қазақстан бойынша сатып, ликер-арақ зауытын, АЖҚС, фотосалон, химиялық тазарту және басқа да кәсіп түрлерін ашқан. Ал 2005 жылы Андрей Исаков күні бүгінге дейін жұмыс істеп тұрған супермаркеттер желісінің иесі болды. Жұмыстан бөлек, кәсіпкер туған қаласын көркейту жұмыстарымен айналысады.
"Мен осы қалада тудым, түрлі себепке байланысты мемлекет бейхабар проблемалар барын білемін - жұмысшы жетпейді, ақша жетпейді, тағысын тағы, ал мен осы қалада тұратындықтан қоғам жайлы, өркениетті болғанын қалаймын. Қолымнан келгенше мемлекетке сол проблеманы шешуге көмектесуге тырысамын, оны өзімнің міндетім деп санаймын. Мемлекет те бізге, кәсіпкерлерге көмектеседі", - дейді Андрей.
Мысалы меценат Ғабит Мүсірепов атындағы № 43 мектептің үздік оқушыларына ай сайын шәкіртақы береді. Бұл мектепті кезінде Андрейдің өзі де бітірген. Ай сайын 5-20 мың теңге беретін оқушылардың тізімі келеді. Оқушылар саны өзгеріп тұрады, бірақ орта есеппен шәкіртақы 130 оқушыға беріледі.
"Елімізді, қаламызды танытатын ақылды, дарынды адамдар керек. Мен де оқушы, студент болдым және ақша, материалдық ынта қаншалық қажет екенін түсінемін. Мысалы мен студент кезімде жоғары шәкіртақы алу үшін емтиханның бәрін беске жабатынмын және мен үшін 5-10 рубльдің өзі үлкен роль ойнайтын. Сондықтан оқушыларға қолдау білдіремін деп шештім. Шәкіртақы арқылы жақсы баға алуына, білімді болуына әсер етеміз деп ойлаймын және болашақта бізде ақылды, сауатты және білімді адам көп болады", - дейді меценат.
Сонымен қатар, меценат балалар үйіне, дамуы ерекше балаларға және жағдайы төмен отбасыларға жәрдемдесіп тұрады, бокс турнирлерінде және басқа да спорттық шараларда демеуші. Андрей Исаков жануарларға ерекше қарайды, үйсіз жануарларды бағумен айналысатын түрлі волонтерлік ұйымға қаржылай көмек беріп тұрады.
"Бала күнімнен жануарларға деген махаббатым ерекше, үйге күшік, мысықтарды әкелетінмін. Анам ұрсатын. Бірақ үйде үнемі мысықтар мен күшіктер жүретін. Жануарларға көмектесуге бір бүйрегім бұрып тұратын. Бізде бұл салаға көп қаржылай көмек жасалмайды. Тек иттерді атады. Бірақ ол дұрыс емес. Осы бағытты қаржыландыруға тырысамыз. Бір баспананы сатып алдық. Жөндеу жұмысын істеп, ретке келтіріп қойдық. Ай сайын ветклиника жұмысына 300-500 мыңдай төлеп тұрамыз", - дейді кәсіпкер.
Андрей Исаков мұнымен тоқтап қалмай Қазақстанда жалғыз жануарларға арналған заманауи баспана жасады. Ол қаланың шетінде, орманды жерде, екі гектар жерде орналасқан. Оның ашылуы шамамен 16 желтоқсанға жоспарланған.
"Соны мақсат еткенімде интернеттен түрлі баспана қарап, Харьковтегі орталық ұнады. Ондай баспананы бұрын ешқайда көрмедім. Сол жерге барып, көріп, ұйымдастырушылармен сөйлесіп, тура сондай баспананы Петропавлда жасауға тырыстық. Тәуелсіздік күніне орай ашамыз деп ойлаймын. Президент айтқандай, 30-жылдыққа 30 жақсы іс жасау керек, әрине, отызын жасаған жоқпыз, бірақ бір жақсы іс істегеніміз анық - жануарларға арналған заманауи, еуропалық деңгейдегі баспана жасадық", - дейді Андрей Исаков.
"Арамыздағы батырлар" жобасын Tengrinews.kz "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институтымен бірлесіп жүзеге асырады. Жобаның мақсаты - біздің заманымыздың қарапайым кейіпкерлері туралы айту, олар өз әрекеттерімен өзгелердің өмірін сақтап, басқаларға қол ұшын созып жүрген, сондай-ақ қиындықтарға қарамастан спортта жетістіктерге жетіп жүрген азаматтар. Бұл кейде байқалмайтын, бірақ шын мәнінде жоғары адами ерліктер туралы оқиғалар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также