ПОДЕЛИТЬСЯ
08 желтоқсан 2021 | 16:46
"Сиырды бұзауымен беремін". Қостанай облысындағы ауылды меценат қалай көркейтіп жатыр?
Қазақстанның солтүстігінде, Қостанайдан 180 шақырым жерде, шамамен Ресеймен шекаралас аймақта Обаған ауылы орналасқан. Ауылда бар-жоғы 105 үй, 375 тұрғын бар. Ешкім туған аулынан кеткісі келмейді. Керісінше, бір кездері ауылдан кеткендер оралып жатыр. Себебі бүгінде Обаған солтүстік аймақта қарқынды дамып жатқан ауылдар қатарында. Оған себеп - Обаған тумасы, меценат Болат Қарабаев. Жақында өзінің қайырымдылық қызметі үшін "Жыл тұлғасы" номинациясында "Жомарт жүрек" сыйлығымен марапатталған ол жыл сайын ауылдың дамуына біраз қаражат пен күш салып жүр. Tengrinews.kz тілшісі "Арамыздағы батырлар" жобасы аясында кәсіпкермен сөйлесіп, Обаған одан әрі қалай дамитынын сұрады.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстанның солтүстігінде, Қостанайдан 180 шақырым жерде, шамамен Ресеймен шекаралас аймақта Обаған ауылы орналасқан. Ауылда бар-жоғы 105 үй, 375 тұрғын бар. Ешкім туған аулынан кеткісі келмейді. Керісінше, бір кездері ауылдан кеткендер оралып жатыр. Себебі бүгінде Обаған солтүстік аймақта қарқынды дамып жатқан ауылдар қатарында. Оған себеп - Обаған тумасы, меценат Болат Қарабаев. Жақында өзінің қайырымдылық қызметі үшін "Жыл тұлғасы" номинациясында "Жомарт жүрек" сыйлығымен марапатталған ол жыл сайын ауылдың дамуына біраз қаражат пен күш салып жүр. Tengrinews.kz тілшісі "Арамыздағы батырлар" жобасы аясында кәсіпкермен сөйлесіп, Обаған одан әрі қалай дамитынын сұрады.
Болат Қарабаев 55 жаста. Тарих пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша оқу бітірген. Бірақ науқастануына байланысты балалармен жұмысын тоқтатуына мәжбүр болған. Артынша Болат мал қорада, кейіннен бақылаушы болып, сосын автобус паркінің директоры болып істеген, алайда кейіннен туған аулына келген.
"Ауылдағылар "сенің әкең осы жерде меңгеруші болған, біздің ауылды қолға алып, осында жұмыс істе" деді. Ауылда расында әкем Жұмаш Қарабаев атындағы көше бар. Ол - майдангер, ауылдан шыққан жалғыз офицер. Мен де шешім қабылдадым. Осылайша 2000 жылы 23 ақпанда "Обаған ауылы" деген шаруа қожалығын аштым, одан бөлек, "Мирас" шаруа қожалығым болған. Осылай жұмысты бастап кеттік. Алты мың гектар жер бар, ірі қара мал, жылқы мен қойлар бар", - дейді Болат Қарабаев.
Болат Қарабаев келгелі ауыл көркейе бастаған. Биыл ауылда тұрғындар қалаға шықпай-ақ қажет медициналық көмек алуы үшін жаңа заманауи медициналық пункт ашылған. Оның құрылысына 20 миллион теңгедей кеткен.
Обағандағы медициналық пункт
"Бұл 21 жылдан бергі үшінші медициналық пункт. Біріншісі суық, кішкентай, ыңғайсыз болған. Сосын иесіз қалған үйді алып, жөндеу жұмысын жасап, қажет құралдарды алдым, бірақ ғимарат ескі болатын. Медицина қызметкері жұмыс істегісі келмей кетіп қалды. Биыл газбен жылитын жаңа ғимарат салдық, 100 шаршы метр. Медициналық пунктте бес бөлме, дәліз, вестибюль бар. Бәрі заманауи. Халық ауылда қалуы үшін медицина, білім, су мен жол керек деп ойлаймын. Жолды мемлекет жасап жатыр. Ал мен басқа салаға көмектесуім керек деп ойладым. Тұрғындар қалуы үшін. Бүгінде ауылда бос үй жоқ", - дейді меценат.
Болат Қарабаев халық ауылда қалып қана қоймай, ауылға қайтуы үшін "Обағандықтарға обаған" атты әлеуметтік бағдарлама ойлап тапқан. Осылайша ол ауыл тұрғындарын қолдап, жас мамандарды ауылға тартуды жоспарлап отыр.
"Бұл бағдарламаның мақсаты не? Обағанда туғандар ауылдан көшпей, кері қайтуы үшін жасалды. Тұрғындар ауылға қайтса мен сиырды бұзауымен, биені құлынымен және үш қой беремін, егер мүлде ештеңесі болмаса қасығына дейін алып беремін. Бұл тек біздің тұрғындарға арналған бағдарлама. Биыл үш отбасы келген, олар қарап, қайтып келуге уәде берді. Бірақ біз жөні түзу, шекпейтін, ішпейтін отбасыларды аламыз", - дейді Болат.
Медициналық пункттен бөлек, ауылдағы орта мектеп те жөндеуден өткен. Мектепті жөндеу жұмысына 100 мың доллардай кеткен. Бұл еңбегі үшін Болат Қарабаев 2012 жылы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Парыз" премиясын алған.
"Мектепке қаржы көп салдық. Бұрын әр сынып пеш арқылы жылитын, оның бәрін жөндедік. Жылу жүйесін толық ауыстырып, жөндеу жұмысын жасадық, спортпен айналысуға арнайы жаттығу құрылғыларын, акт залында проектор қойдық. Балалар жақсы мектепте оқуы керек, сапалы білім алуы қажет. Ал жағдай жасалмаса, ол мүмкін емес", - дейді кәсіпкер.
Сонымен қатар, меценат ауылда су тазалайтын тұщыландыру қондырғысын орнатты, қызметкерлерге үй салдырды және әлі де салып жатыр, ал жақында Ziko рестобарын ашқан болатын. Болашақта жарма тартатын машина салмақ - көп адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз ету үшін дәнді дақылдарды тазарту және қайта өңдеу бойынша шағын кәсіпорын, ет комбинаты және супермаркет ашпақ. Одан бөлек, Болат Қарабаев ауыл тұрғындары үшін барлық жағдай жасалған екі пәтерлі үйлер салуды армандайды.
"Арамыздағы батырлар" жобасын Tengrinews.kz "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институтымен бірлесіп жүзеге асырады. Жобаның мақсаты - біздің заманымыздың қарапайым кейіпкерлері туралы айту, олар өз әрекеттерімен өзгелердің өмірін сақтап, басқаларға қол ұшын созып жүрген, сондай-ақ қиындықтарға қарамастан спортта жетістіктерге жетіп жүрген азаматтар. Бұл кейде байқалмайтын, бірақ шын мәнінде жоғары адами ерліктер туралы оқиғалар.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также