13 шілде 2021 16:43

"Барыс" ХК бас бапкер Юрий Михайлиспен келісімшарт мерзімін ұзартты

Юрий Михайлис. Фото: ria.ru

"Барыс" хоккей клубы бас бапкер Юрий Михайлиспен келісімшарт мерзімін ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Барыс" хоккей клубы бас бапкер Юрий Михайлиспен келісімшарт мерзімін ұзартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

Келісім мерзімі бір жыл - 2022 жылғы 30 сәуірге дейін.

Михайлис былтырғы жазда "Барысты" басқарды, оның басшылығымен құрам ҚХЛ плей-оффқа шықты. Мамырда ол элиталық дивизионда өткен әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы ретінде дебют жасады. Онда команда рекорд нәтиже көрсетті - төрт жеңіске жетіп, топта бесінші орынға ие болды.

Реклама
Реклама

"Барыс" бапкерлер штабында да өзгерістер болмағаны айтылды. Михайлиске Александр Ахцигер, Андрей Шаянов, Максим Семенов және Александр Шимин көмектесетін болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram