ПОДЕЛИТЬСЯ
15 қаңтар 2019 | 22:24
"Барыс" хоккейшісі қарсыластар қақпасына ең жылдам шайба салды
"Барыс" сапында өнер көрсетіп жүрген Виктор Сведберг осы маусымдағы ең жылдам шайбаны салды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
ПОДЕЛИТЬСЯ
"Барыс" сапында өнер көрсетіп жүрген Виктор Сведберг осы маусымдағы ең жылдам шайбаны салды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүгін "Барыс" өз алаңында мәскеулік "Спартакты" қабылдады. Ойын 4:5 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Ойында бірінші болып қазақстандық команда есеп ашты - құрлықтық хоккей лигасында бойы ең ұзын (бойы 204 сантиметр) хоккейші Сведберг мәскеулік команданың қақпасына 29-шы секундта шайба салып кетті.
Осыған дейін, "Барыс" екі рет 39-шы секундта шайба салған еді: 29 қыркүйекте сұрмерген Патрис Кормье ригалық Динамо" клубына қарсы ойында (7:3) қақпадан саңылау тапты, ал 10 қаңтарда қорғаушы Алексей Маклюков "Кунлунь" қақпасына (1:3) шайба салды.
Показать комментарии
Читайте также