15 қараша 2019 | 09:30

"Барыс" овертаймның 23-секундында жеңіліп қалды

© "Барыс" ХК

Қазақстандық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) тұрақты чемпионатының сырт айдындағы матчында мәскеулік "Динамодан" жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық "Барыс" Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) тұрақты чемпионатының сырт айдындағы матчында мәскеулік "Динамодан" жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Ресей астанасында өткен ойын овертайм қорытындысы бойынша 3:2 есебімен аяқталды. 

Реклама
Реклама

4-минутта "Динамо" Артем Волковтың көмегімен есеп ашқан. Араға үш минут салып, "Барыс" қорғаушысы Леонид Метальников есепті теңестірсе, кейін форвард Никита Михайлис қазақстандық клубты алға шығарды. 

Екінші кезеңде жанкүйерлер бір ғана шайба көрді - 37-минутта Игорь Полыгалов таблодағы көрсеткішті теңестірді.

Үшінші кезеңде хоккейшілер есепті өзгерте алмады. Ал овертаймның 23-секундында Дмитрий Яшкин шайба салып, "Динамоға" жеңіс сыйлады. 

Енді екі клубта да 33 ұпайдан бар, "Барыс" "Шығыс" конференциясында төртінші орында келеді. "Динамо" да "Батыста" төртінші болып тұр. 

"Барыс" келесі матчында 19 қарашада екатеринборлық "Автомобилист" командасын қабылдайды. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная