06 маусым 2022 15:25

"Барыстан" бір уақытта 13 хоккейші кетіп қалды

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

Құрлықтық хоккей лигасы (КХЛ) орталық ақпараттық бюроның электронды базасында трансфер кестесін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құрлықтық хоккей лигасы (КХЛ) орталық ақпараттық бюроның электронды базасында трансфер кестесін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Осы ақпарат бойынша, "Барыс" командасынан 13 хоккейші кеткен. Олардың қатарында шабуылшылар - Якоб Берглунд, Линден Вей, Кертис Волк ("Автомобилист"), Коди Куник, Якоб Лилья, Роман Старченко және Томаш Юрчо бар.

Ал қорғаушылардан Олле Альсинг ("Лександ", Швеция) , Эрик Мартинссон ("ХВ 71", Швеция), Джо Морроу, Валерий Орехов ("Металлург") және Роман Савченко кетсе, қақпашы Йони Ортио ("ХВ 71", Швеция) да елордалық ұжыммен қоштасыпты. 

Реклама
Реклама

Енді "Барыстың" құрамында 12 ғана хоккейші қалды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram