"Барыс" биылғы маусымды Уфада тұйықтады

Сурет hcbarys.kz сайтынан

Шайбалы хоккейден Астананың "Барысы" үшін биылғы маусым аяқталды. Гагарин кубогының ширек финалында Қазақстан клубы "Салават Юлаев" (Уфа) командасынан өте алмады. Жалпы есеп – 2:4, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Уфада өткен алтыншы кездесуде "Барыс" 2:3 есебімен ұтылып қалып, Гагарин кубогынан тыс қалды. Екі кезең бойы (40 минут) дес бермей, айдын иелерімен тайталасты-ақ. Бірақ үшінші кезеңде екі рет өрескел қателік жіберіп алып, жаза басты. Ойын соңында есепті қысқартқандарымен, таразы басын теңестіре алмады.

Сөйтіп, Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы Гагарин кубогының жартылай финалына Башқұртстан клубы шықты. Олар келесі кезеңде «Металлург» (Магнитогорск) клубымен кездеседі.

Негізі, "Барыстың" плей-офф додасының екінші сатысынан да өте алатын әлеуеті жеткілікті еді. "Салават Юлаев" – Қазақстан клубымен деңгейі шамалас ұжым. Бірақ «Барыстың» бағы жанбады. Оның бірнеше себептері бар. Алдағы уақытта біз оған егжей-тегжей тоқталамыз.

Реклама
Реклама

Енді "Барыс" хоккейшілері дем алады. Десек те, "Барыс" сапындағы Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары екі аптадан кейін жиналып, әлем чемпионатына дайындалады.

/2/ "Барыс" (Астана) – /4/ "Салават Юлаев" (Уфа) – 2:4 (2:3 ОТ, 5:2, 2:5, 2:3 ОТ, 2:1, 2:3)

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама