"Барыс" "Каменный цветок" турнирінің жеңімпазы атанды

Сурет Vesti.kz сайтынан алынды

Астананың "Барыс" хоккей клубы Екатеринбургте өткен "Каменный цветок" турнирінің жеңімпазы атанды деп хабарлайды Vesti.kz.

Сайыстың қорытынды бөлігінде Андрей Назаровтың командасы екатеринбургтік "Автомобилистті" 4:2 (0:0, 1:1, 3:1) есебімен ұтып кетті.

Алғашқы 20 минут барысында көрермендер қақпаға салынған шайбаны көре алмады. Ойынның екінші кезеңінде Дастин Бойданың (21-ші) көздеп дәл соққан соққысымен "Барыс" алғашқы боп есеп ашты. Алайда "Автомобилисть" үзіліске шықпай жатып, есепті теңестіріп кетті. Үзіліске жеті минут қалғанда Артем Гареев ерекше көзге түсті.

Реклама
Реклама

Қорытынды кезең "Барыс" үшін оңайға тиген жоқ. Ойынның 41 минутында Якуб Петружалек Яна Лацоның қақпасына екінші шайбаны кіргізіп, "Автомобилистті"  алға шығарды. Одан кейін Андрей Назаровтың жігіттері бірінен кейін бірі қақпаға үш рет шайба соғып, қасыластарының қолынан жеңісті  жұлып алды. Шайбаны соғушылар - Константин Руденко (50-ші), Роман Савченко (53-ші) и Найджел Доус (59-шы).

 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама