"Барыс" ҚХЛ-дың соңғы командасынан жеңілді

Фото: hcbarys.kz

Қазақстандық "Барыс" 2020 жылдың алғашқы матчында ҚХЛ-да соңғы орында келе жатқан ригалық "Динамоға" жол берді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Қазақстандық "Барыс" 2020 жылдың алғашқы матчында ҚХЛ-да соңғы орында келе жатқан ригалық "Динамоға" жол берді, - деп хабарлайды Vesti.kz

Кездесу Ригада өтіп, айдын иелері 1:0 есебімен жеңіске жеткен. Матчтағы жалғыз шайбаны 13-минутта шабуылшы Кирилл Слепец соқты. 

Реклама
Реклама

Осы жеңісінің арқасында "Динамо" 31 ұпай жинап, чемпионат пен Батыс конференциясының соңғы орнынан көтеріліп, минскілік "Динамоны" артта қалдырды. Ал "Барыс" 55 ұпаймен Шығыс конференциясында үшінші орында келеді. 

Енді елордалық хоккейшілер келесі матчын 6 қаңтарда сырт айдында омскілік "Авангардқа" қарсы өткізеді. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама