"Барыс" жаңа аренадағы бірінші матчының алдында қой сойды

Астанадағы жаңа мұз сарайы. © Tengrinews.kz

"Барыс" хоккей клубы жаңа мұз аренасындағы бірінші матчының алдында қой сойды, - деп хабарлайды "Р-Спорт".

Бұл шара питерлік СКА-мен кездесу алдында болды, кездесу жақында ғана тұрғызылған кешендегі ресми түрде өткен тұңғыш кездесу болды. Бұл күні арена ҚХЛ комиссиясының тексеруінен екінші рет өтіп, чемпионат матчтарын өткізуге рұқсат алды.

Айта кетейік, аренадағылар қойдың қанын аренаға және "Барыстың" киім ауыстыратын бөлмесіне шашты. "Мен қосымша дайындалу үшін мұз үстінде қалдым, сондықтан қойдың қанының мұзға тамғанын көрдім. Бұл сондай дәстүр, ол сәттілік әкеледі", - деді "Барыс" қорғаушысы Дамир Рыспаев.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, "Барыс" үшін жаңа аренадағы бірінші ойын сәтті аяқталды. Команда СКА-ны 4:2 есебімен жеңді.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама