"Барыстың" экс-капитаны АҚШ-тың бір қаласына әкім болмақ

Брэндон Боченски.Сурет "Барыс" хоккей клубының сайтынан

Хоккейден "Барыс" клубының әрі Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Брэндон Боченски АҚШ-тың Гранд-Форкс қаласындағы әкім сайлауына қатысып жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Хоккейден "Барыс" клубының әрі Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Брэндон Боченски АҚШ-тың Гранд-Форкс қаласындағы әкім сайлауына қатысып жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл Солтүстік Дакота штатындағы адам саны бойынша үшінші қала. Гранд-Форкс округінің оталығы. Тұрғын саны 50 мыңнан асады. 

"Гранд-Форкс қаласына жаңа өмір мен жаңа қуат алып келетін уақыт жетті. Гранд-Форксты сүйемін және қоғамға қызмет еткім келеді", - деп жазды хоккейші өзінің Instagram желісіндегі парақшасында. 

Реклама
Реклама

Хоккейші бұл қалаға спорттық мансабын 2019 жылы аяқтаған соң көшіп келіп, Berkshire Hathaway Homeservices Inc. компаниясында жұмыс істей бастады. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама