Челябіде "Барыстың " 11 жастағы хоккейшілері уланып қалды

Челябіде "Барыстың " 11 жастағы хоккейшілері уланып қалды

Челябіде "Барыс", "Авангард" ж?не "Торос" командаларыны? 11 жаста?ы ойыншылары уланып ?алды, - деп хабарлайды 31TV.ru.

Челябіде "Барыс", "Авангард" және "Торос" командаларының 11 жастағы ойыншылары уланып қалды, - деп хабарлайды 31TV.ru.

Басылымның мәліметінше, бапкерлер 20 адамға дәрігерлерді шақырған. Осылайша, төтенше жағдай болған жерге жедел жәрдемнің 6 бригадасы барған. Алдын ала мәлімет бойынша, балалар ротавирустық инфекция жұқтырып алған.

"Балаларымыздың екеуінің жағдайы орта деңгейлі, тағы біреуінің жағдайы жақсарды, ал қақпашымыздың жағдайы өте нашар. Сұмдық түн болды", - деді хоккейшілердің бірінің анасы Анастасия Донец.

Жарнама
Жарнама

Сондай-ақ, "Барыс" командасы хоккейшілерінің бірінің анасы Tengrinews.kz тілшісіне команданың жарыстардан толықтай алынып тасталғанын және 30 наурызда Қазақстанға пойызбен қайтатындарын айтты.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама