Эрик Тангрэйди "Барыспен" қош айтысты
"Барыс" хоккей клубы сайтында команда шабуылшысы Эрик Тангрэйдимен келісімшарт бұзылғаны туралы ресми түрде мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Клуб пен хоккейші келісімшартты екіжақты шешім бойынша бұзған. Бұған дейін Тангрэйди драфтқа қойылған.
Эрик Тангрэйди © "Барыс" ХК
Айта кетейік, шабуылшы "Барысқа" биылғы кезеңнің басында келген. Оның есебінде 22 ойын бойынша 9 (5+4) ұпай бар.
- TengriNews жаңалықтарына жазылу:
- Google News
- Яндекс Новости
- Пікірлерді оқу