30 мамыр 2022 08:38

Хоккейден 2023 жылғы ӘЧ-да Қазақстан Канада және АҚШ құрамасымен бір топта болады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
©icehockey.kz

Шайбалы хоккейден элиталық дивизиондағы 2023 жылғы Әлем Чемпионаты Рига (Латвия) және Тампере (Финляндия) қаласында өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шайбалы хоккейден элиталық дивизиондағы 2023 жылғы Әлем Чемпионаты Рига (Латвия) және Тампере (Финляндия) қаласында өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

2023 жылғы әлем чемпионаты 12-28 мамыр аралығында Рига (Латвия) мен Тампереде (Финляндия) өтеді.

А тобына Финляндия, Швеция, Чехия, Германия, Дания, Франция, Аустрия және Венгрия кіреді.

Реклама
Реклама

В тобында Канада, АҚШ, Швейцария, Словакия, Латвия, Норвегия, Қазақстан және Словения бар.

Айта кетейік, Ресей мен Беларусь құрамалары 2023 жылғы әлем чемпионатынан шеттетілді.

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясының (IIHF) жаңартылған рейтингінде Қазақстан құрамасы 16-орынға тұрақтады. Үздік бестіктегі командалар Олимпиададан кейінгі тәртіпте қалды.

Үздік 10 рейтинг:

1 (1). Финляндия - 4130 ұпай;

2 (2). Канада - 3990;

3 (3). Ресей - 3935;

4 (4). АҚШ - 3775;

5 (5). Швеция - 3675;

6 (7). Чехия - 3650;

7 (6). Швейцария - 3590;

8 (8). Словакия - 3590;

9 (9). Германия - 3555;

10 (10). Дания - 3335.

16 (15). Қазақстан - 2885

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram