22 шілде 2020 | 19:23

Хоккейден Олимпиада ойындарының чемпионы қайтыс болды

Сурет: kp.ru©

Хоккейден 1976 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Александр Гусев 74 жасында бақилық болды. Бұл туралы РИА Новости ЦСКА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Хоккейден 1976 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Александр Гусев 74 жасында бақилық болды. Бұл туралы РИА Новости ЦСКА-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады. 

КСРО құрамасы сапында Гусек екі рет әлем чемпионатын және екі рет Еуропа чемпионатын жеңіп алған. Одан бөлек, даңқты хоккейші 1972 жылы Канада құрамасына қарсы өткен суперсерияға қатысқан.  

Реклама
Реклама

Клубтық деңгейде ол ЦСКА, СКА МВО, "Звезда" және СКА командаларының намысын қорғаған. 

Қорғаушы позициясында ойнаған Гусев жеті рет КСРО чемпионы атағын, бір рет КСРО кубогін ұтқан. Ол "Звезда" сапында тағы бір даңқты хоккейші Валерия Хорламовпен бірге ойнаған. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная