ПОДЕЛИТЬСЯ
- Главная
- 26 ақпан 2014, 15:43
Қазақстан хоккейшілері плей-оффты бастайды
Шайбалы хоккейден биылғы маусымдағы Қазақстан чемпионаты көмбеге жетер төте жолына шықты. Яғни негізгі біріншілігі аяқталып, плей-оффтың бірінші сатысында додаға түсетін жұптар анықталды.Қыркүйектің басында басталған ел чемпионаты ақпанның аяғына қарай аяқталды. Ел чемпионатындағы он команданың бәрі де 54 ойыннан өткізді. Қорытынды кесте төмендегідей:1. Ертіс (Павлодар) – 131 ұпай2. Арлан (Көкшетау) – 1213. Бейбарыс (Атырау) – 1024. Арыстан (Теміртау) – 995. Номад (Астана) – 806. Бүркіт (Қарағанды) – 737. Горняк (Рудный) – 718. Астана (Астана) – 689. Алматы (Алматы) – 6510. Торпедо (Өскемен) – 0Енді биылғы маусымның чемпионы мен жүлдегерлері плей-офф жүйесі бойынша анықталады. Бірнеше айға созылған ел біріншілігінің қорытындысы бойынша ширек финалдық жұптар төмендегідей болды:/1/ Ертiс – /8/ Астана/2/ Арлан» – /7/ Горняк/3/ Бейбарыс – /6/ Бүркіт/4/ Арыстан – /5/ НомадШирек финалдық ойындар ертең басталады. Жалпы, үшінші орын сарапқа салынатын кездесулерден басқа плей-офф ойындарының бәрі төрт жеңіске дейін созылады. Ал қола жүлденің тағдыры үш жеңіске дейін ғана созылатын болып бекітілген.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии