Қазақстанның хоккей құрамасы Швецияны ойсырата жеңді

Қазақстанның хоккей құрамасы Швецияны ойсырата жеңді © shaiba.kz

Қазақстан мен Швеция құрамалары арасындағы кездесу 5:0 есебімен аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

А тобындағы матч "Халық Аренада" Астана уақыты бойынша 19:30-да басталды. Қазақстан құрамасы ойыншыларынан Кирилл Савицкий, Ярослав Евдокимов, Константин Савенков, Антон Сагадеев және Дмитрий Гренц қарсыластар қақпасына дәл соққы жасап, көзге түсті.

Айта кетейік, Универсиада-2017 сайыстарында Қазақстан Қытай құрамасын 22:0 есебімен ойсырата ұтқан болатын, ал Швеция құрамасы чехиялықтарға 0:5 есебімен есе жіберіп қойған еді. Шешуші кезеңде Қазақстан мен Чехия құрамасы кездеседі, ал Швеция Қытаймен ойнайды.

Жарнама
Жарнама
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама