Ресейлік хоккейші басына шайба тиіп қайтыс болды

Тимур Файзутдинов. Фото: VK.com / ХК "Динамо Санкт-Петербург"

Ресейлік "Динамо Санкт-Петербург" клубының қорғаушысы Тимур Файзутдинов Харламов кубогының 1/8 финалында ауыр жарақат алып, кейін ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ресейлік "Динамо Санкт-Петербург" клубының қорғаушысы Тимур Файзутдинов Харламов кубогының 1/8 финалында ауыр жарақат алып, кейін ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды РИА Новости.

12 наурызда Ярославльдің "Локомотивіне" қарсы ойында 19 жастағы спортшының басына шайба тиген. Хоккейші ауыр соққыдан соң құлап, тұра алмай қалды. 

"Ойыншы ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірі үшін үш күн бойы күресті", - делінген "Динамоның" әлеуметтік желідегі хабарламасында. 

Файзутдинов петерборлық клубтың жастар командасының капитаны болған. Карьерасында 200-ге жуық матч өткізген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная