Хоккейден Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы ойында жеңіске жетті

@Zhaiba.kz

Хоккейден Қазақстан құрамасы Польшада өтіп жатқан әлем чемпионатындағы бірінші матчта жеңіске жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz. 19 сәуір күні кешкі уақытта болған матчта Андрей Назаровтың ойыншылары Украина командасын 5:2 есбемен жеңді.

Қазақстан құрамасының хоккейшілері Кевин Даллмэн, Леонид Метальников, Вадим Краснослободцев, Константин Руденко және Евгений Рымарев шайба авторы атанды.

Айта кетейік, Қазақстан командасы турнирдегі екінші кездесуін 20 сәуірде өткізеді. Қазақстан хоккейшілерінің келесі қарсыласы - Жапония құрамасын жеңген Венгрия командасы. Матч Астана уақытымен сағат 17.00-де басталады. 

Реклама
Реклама

Хоккейден әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы А тобының ойындары Краков стадионында 19-25 сәуір аралығында өтеді. Бұл топтағы Қазақстан құрамасының қарсыластары - Польша, Италия, Украина, Венгрия және Жапония командалары. Айта кетейік, бірінші және екінші орын алған құрамалар 2016 жылғы әлем чемпионатының ТОП-дивизионында ойнауға мүмкіндік алады.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама