Хоккейші төбелес кезінде сақалының жартысынан айырылды

© thescore.com

?лтты? хоккей лигасында "Сан-Хосе Шаркс" клубы ?шін ?нер к?рсететін канадалы? хоккейші Джозеф Эрик Торнтон ойын барысында шы??ан т?белес салдарынан са?алыны? жартысынан айырылды. Видео YouTube желісіндегі SPORTSNET каналында жарияланды.

Ұлттық хоккей лигасында "Сан-Хосе Шаркс" клубы үшін өнер көрсететін канадалық хоккейші Джозеф Эрик Торнтон ойын барысында шыққан төбелес салдарынан сақалының жартысынан айырылды. Видео YouTube желісіндегі SPORTSNET каналында жарияланды.

2010 жылы Олимпиада чемпионы атанған Торнтон "Торонто Мэйпл Лифс" клубына қарсы өткен ойында Назем Кадримен жаға жыртысып, төбелесе кетті. Кадри отандасының сақалынан ұстап, бір тұлымын жұлып алды.

5 қаңтарда Ұлттық хоккей лигасы аясында өткен ойында "Торонто Мэйпл Лифс" 3:2 есебімен "Сан-Хосе Шаркс" хоккейшілерін жеңіп кетті.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама