1 шілдеден бастап ипотека арзандайды: сарапшы тұрғын үй нарығында не өзгеретінін түсіндірді

1 шілдеден бастап ипотека арзандайды: сарапшы тұрғын үй нарығында не өзгеретінін түсіндірді Фото: ©️ Tengrinews.kz / Игорь Неволин

Биыл 1 шілдеден бастап коммерциялық банктердегі ипотекалық несие бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 25 пайыздан 20 пайызға дейін төмендеуі тиіс. Бір қарағанда, несие арзандап, бұл қазақстандықтардың тұрғын үй сатып алуға несие рәсімдеу белсенділігін арттыратындай көрінеді. Демек, сатып алу-сату мәмілелерінің саны да артуы керек. Қазақстан риелторларының өзін-өзі реттейтін қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко бұл пікірмен келіспейді. Оның пайымдауынша, нарықта айтарлықтай жандану болады деп күтудің қажеті жоқ, деп хабарлайды TengriHome.

Биыл 1 шілдеден бастап коммерциялық банктердегі ипотекалық несие бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 25 пайыздан 20 пайызға дейін төмендеуі тиіс. Бір қарағанда, несие арзандап, бұл қазақстандықтардың тұрғын үй сатып алуға несие рәсімдеу белсенділігін арттыратындай көрінеді. Демек, сатып алу-сату мәмілелерінің саны да артуы керек. Қазақстан риелторларының өзін-өзі реттейтін қауымдастығы президентінің кеңесшісі Нина Лукьяненко бұл пікірмен келіспейді. Оның пайымдауынша, нарықта айтарлықтай жандану болады деп күтудің қажеті жоқ, деп хабарлайды TengriHome.

Ипотека арзандай ма?

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сарапшы мөлшерлеменің төмендеуі несие қолжетімділігіне қалай әсер ететінін түсіндірді. Оның айтуынша, егер қазір қарыз алушы бастапқы жарнаны ескере отырып, 25 пайызбен ипотека алса, алты-жеті жылдың ішіндегі артық төлем пәтердің өз құнына теңеседі.

Жарнама
Жарнама

"Қазір мөлшерлеме 25 емес, 20 пайыз болады деп есептейік. Бұл қалай әсер етеді? Онда екінші пәтердің құнындай болатын артық төлем алты-жеті жылда емес, жеті-сегіз жылда жиналады. Яғни, мөлшерлеме бәрібір өте жоғары болып қала береді", - дейді Лукьяненко.

Сараланған мөлшерлеме

Нина Лукьяненко сараланған мөлшерлемені енгізу мүмкіндігіне де назар аударды. Бұл сыйақы мөлшерлемесі бастапқы жарна сомасына байланысты болатынын білдіреді. Яғни, жарна неғұрлым жоғары болса, несие пайызы соғұрлым төмен болады.

"Баспасөзде де, үкімет деңгейінде де айтылған мәліметтердің бірі - бұл мөлшерлеме тек бастапқы жарнасы 30 пайыздан асатын адамдарға қолданылады. Сонда 30 пайыз жинай алмағандарды жоғары мөлшерлемемен жазалаймыз ба? Демек, ақша жинай алмағандар үшін мөлшерлеме бұрынғыша 25 пайыз болып қала бере ме? Егер менің бастапқы жарнам аз болса, мен үлкен қарыз аламын. Ал үлкен қарыз бен жоғары пайыз маған не береді? Үлкен ай сайынғы төлем. Демек, қолжетімділік пайда болған жоқ. Мұндай шара мәмілелер санын арттыруға септігін тигізбейді", - деп болжады Нина Лукьяненко.

Банктер қалай әрекет етуі мүмкін?

Сарапшы былтырғы жағдайды да еске түсірді. Ол кезде ҚНРДА мен Ұлттық банк ипотека бойынша сыйақы мөлшерлемесін 25-тен 20 пайызға дейін төмендету туралы осындай шешім қабылдаған болатын. Несие бойынша жаңа пайыздар 2025 жылдың қарашасынан бастап күшіне енуі тиіс еді. Бірақ сол жылдың қазанында Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,5-тен 18 пайызға дейін көтерді.

"Ипотекаға не болды? Тұтастай алғанда, бәрі тоқтап қалды. Ресми түрде ешкім ипотеканы тоқтаттық деп жариялаған жоқ, бірақ іс жүзінде қарыз алушыларға сондай талаптар қойылды, нәтижесінде олардың өздері несие алудан бас тартты. Содан кейін бұл заңнамалық норманың күші жойылып, кейінге шегерілді. Міне, енді тағы бір кезекті ұсынысты көріп отырмыз", - дейді Нина Лукьяненко.

Оның пайымдауынша, жағдайға коммерциялық банк тұрғысынан қарасақ, бұл құрылымның несие арқылы табыс табатынын түсіну керек. Сондықтан банк барлық тәуекелді бұрынғыдан да мұқият есептеп, бағалайтын болады.

"Тұрақсыз экономика мен баға белгісіз болып тұрған жағдайда, банкке тек кепіл активі ретінде бұл несиенің не керегі бар? Банк үшін бұл бейінді емес актив. Егер сіз несиені төлей алмай қалсаңыз, банкке сіздің пәтеріңіз емес, ақшаңыз керек. Сондықтан банкке дәл төлем қабілеті жоғары қарыз алушы қажет болады. Демек, банк оған қойылатын талаптарды күшейтеді: жалақыны растау, асырауыңызда қанша адам бар екенін тексеруі мүмкін. Соңында, банкке бұл өнім үшін барғанда, оны алуға өзіңіздің де зауқыңыз соқпай қалуы әбден мүмкін", - деп түйіндеді Нина Лукьяненко.

Тағы оқыңыз:

Ипотека 1 шілдеден бастап арзандайды. Бұл тұрғын үй нарығына қалай әсер етеді?

Қазақстанда 1 шілдеден бастап ипотека жаңа ережелер бойынша берілмек

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама