ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 24 маусым 2026 10:46
Әкімдік Алматыдағы әйгілі “Компот“ ауданының болашағы туралы айтты
Алматы әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы басқармасы "Компот" деп аталатын ауданның болашағына қатысты жауап берді, деп хабарлайды ТengriНome.
Алматы әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы басқармасы "Компот" деп аталатын ауданның болашағына қатысты жауап берді, деп хабарлайды ТengriНome.
Алматының Бас жоспары мен оған енгізілген түзетулерге сәйкес, қаланың Медеу ауданындағы жеке сектор 2040 жылға қарай көпқабатты үйлерге ауыстырылады. Бұл туралы толығырақ осы материалда жазған болатынбыз.
ТengriНome Алматы әкімдігінен осыған қатысты сауал жолдады. Жауап қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасынан келді.
Әкімдік ведомствосы Бас жоспар қаланың 2040 жылға дейінгі даму болжамы екенін еске салды.
"Қаланың кеңістіктік дамуы шектеулі. Осыған байланысты мегаполисті дамытудың басым бағыты – әлемнің ірі қалаларының тәжірибесіне сәйкес, полиорталықты құрылымға көшу арқылы қаланы кешенді дамытуға басымдық беріп, жеке құрылыстарды кезең-кезеңімен көппәтерлі тұрғын үйлермен алмастыру", - деп жауап берді басқарма.
Бас жоспар жобасы "Компот" ауданында көпқабатты құрылыс салуды қарастырады.
Алматы аумағын функционалдық және қала құрылыстық аймақтарға бөлу схемасынан үзінді, Бас жоспардың түзетуі
"Бұл аумақты мемлекет мұқтажы үшін алып қою жоспарланбаған. Бас жоспарда белгіленген функционалдық аймақ жеке инвесторларға бағытталған және олар жер учаскелерінің құқық иеленушілерімен келісімге келген жағдайда жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Бұл ретте тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы нысандардың кешенді құрылысы жер иелерімен уағдаластыққа қол жеткізілгенде ғана іске асырылады", - деп нақтылады басқарма өкілдері.
Қарапайым тілмен айтқанда, әкімдік жерді тартып алуды жоспарлап отырған жоқ. Егер инвестор табылса, ол аудан тұрғындарымен өзі келісуі тиіс.
"Жер учаскесінің құны тараптардың келісімімен немесе тәуелсіз бағалау негізінде айқындалады", - деп түйіндеді шенеуніктер.
Алматыда Кіші Алматы өзенінің арнасы, Бөгенбай батыр көшесі, Достық даңғылы және Көктөбе бөктері шекарасында орналасқан Медеу ауданындағы жеке үйлері бар жасыл аймақты "Компот" деп атайды.
30 маусымда Алматыда Бас жоспарға енгізілген түзетулер бойынша қоғамдық тыңдаулар өтеді. Онда ауданның болашағы туралы толығырақ айтылуы тиіс.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу