ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 23 шілде 2026 11:31
Алматыда қай учаскелер мемлекет мұқтажына алынады: жаңа тізім
Алматыда Райымбек және Рысқұлов даңғылдарын реконструкциялау, Жұбанов көшесін ұзарту, "Шығыс қақпасы" полиорталығында жол салу және метроның екінші желісіннің құрылысы үшін жер учаскелері алынып жатыр. Қала әкімі осы мақсатта сүрілуі тиіс үйлердің тізіміне түзетулер енгізді.
2026 жылғы 17 шілдеде Алматы әкімі мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы қаулыға қол қойды. Құжат Алматы қаласының жер қатынастары басқармасы сайтында жарияланды.
Оған сәйкес, Райымбек даңғылын реконструкциялау үшін жер телімдерін мемлекет мұқтажына алу туралы 2025 жылғы 22 қаңтардағы № 1/1-61 қаулысында 253-жол өзгертілді: кадастрлық нөмірі 20-312-030-047, Райымбек даңғылы, 464, жалпы алаңы - 0,167 га, алынатын бөлігі - 0,0438 га.
Жұбанов көшесін ұзарту үшін учаскелерді алып қою туралы 2025 жылғы 2 сәуірдегі № 2/262-519 қаулыға мынадай түзетулер енгізілді:
- 8-жол ауыстырылды: кадастрлық нөмірі 20-312-047-423, Достық шағынауданы, Ақкөгершін көшесі, 43, жалпы алаңы - 0,0683, үлесі - 0,0319;
- 119-жолмен толықтырылды: кадастрлық нөмірі 20-312-047-423, Достық шағынауданы, Ақкөгершін көшесі, 43, жалпы алаңы - 0,0683, үлесі - 0,0364.
Райымбек даңғылын реконструкциялау үшін учаскелерді алып қою туралы 2025 жылғы 15 тамыздағы № 3/470-1139 қаулы мынадай тармақтармен толықтырылды:
- кадастрлық нөмірі 20-312-039-013, Райымбек даңғылы, 488, жалпы алаңы - 0,1555, үлесі - 0,0209;
- кадастрлық нөмірі 20-312-039-065 (20-312-000-000), Райымбек даңғылы, 496, 24-гараж.
"Шығыс қақпасы" полиорталығында жол құрылысы үшін жер учаскелерін алу туралы 2025 жылғы 4 қыркүйектегі № 3/470-1177 қаулыда 72-жол ауыстырылды: кадастрлық нөмірі 20-317-107-1410, Қайрат шағынауданы, 187А учаскесі, жалпы алаңы - 0,7968, алынатыны - 0,4047.
Рысқұлов даңғылын ұзарту үшін учаскелерді алып қою туралы 2026 жылғы 6 мамырдағы № 2/195-631 қаулы мынадай тармақпен толықтырылды: кадастрлық нөмірі 20-321-040-000, Теректі шағынауданы, Орталық көшесі, 78, 4А-пәтер.
"Шығыс қақпасы" полиорталығынан Бұқтырма көшесіне дейінгі кіреберіс жолды ұйымдастыру үшін жер учаскелерін алып қою туралы 2026 жылғы 22 мамырдағы № 2/195-706 қаулыға өзгерістер енгізілді:
- 35-жол ауыстырылды: кадастрлық нөмірі 20-317-107-026, Қайрат шағынауданы, Талхиз көшесі, 5, жалпы алаңы - 0,08, алынатыны - 0,0197;
- 44-жол ауыстырылды: кадастрлық нөмірі 20-317-107-065, Қайрат шағынауданы, Белбұлақ көшесі, 40, жалпы алаңы - 0,12, алынатыны - 0,0102;
- 61-жол ауыстырылды: кадастрлық нөмірі 20-317-107-1083, Қайрат шағынауданы, Ерентоғай көшесі, 29;
- 72-жол ауыстырылды: кадастрлық нөмірі 20-317-107-1191, Қайрат шағынауданы, Белбұлақ көшесі, 36А учаскесі, жалпы алаңы - 0,12, алынатыны - 0,038;
- 81-жол ауыстырылды: кадастрлық нөмірі 20-317-107-1256, Қайрат шағынауданы, Белбұлақ көшесі, 3/1;
- 96-жол ауыстырылды: кадастрлық нөмірі 20-317-107-1387, Құнаев атындағы өндірістік кооперативі, 154-учаске;
- 124-жол ауыстырылды: кадастрлық нөмірі 20-317-107-317, Қайрат шағынауданы, Көрімдік көшесі, 5, 8-пәтер, жалпы алаңы - 0,4781, үлесі - 0,0602;
- 140-жол: кадастрлық нөмірі 20-317-107-398, Қайрат шағынауданы, Ерентоғай көшесі, 5, жалпы алаңы - 0,08, үлесі - 0,0497;
- 141-жол: кадастрлық нөмірі 20-317-107-401, Қайрат шағынауданы, Ерентоғай көшесі, 23;
- 144-жол: кадастрлық нөмірі 20-317-107-431, Қайрат шағынауданы, Ерентоғай көшесі, 24;
- 146-жол: кадастрлық нөмірі 20-317-107-448, Қайрат шағынауданы, Белбұлақ көшесі, 3, 1-пәтер, жалпы алаңы - 0,1112, үлесі - 0,0734;
- 149-жол: кадастрлық нөмірі 20-317-107-458, Қайрат шағынауданы, Тоқымқағар көшесі, 11;
- 152-жол: кадастрлық нөмірі 20-317-107-467, Қайрат шағынауданы, Ерентоғай көшесі, 7;
- 196-жол: кадастрлық нөмірі 20-317-107-975, Қайрат шағынауданы, Белбұлақ көшесі, 89;
- толықтырылды: кадастрлық нөмірі 20-317-107-448, Қайрат шағынауданы, Белбұлақ көшесі, 3, 2-пәтер, жалпы алаңы - 0,1136, үлесі - 0,0378.
2026 жылғы 22 шілдеде Дархан Сатыбалды мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алу мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы тағы бір қаулыға қол қойды, ол да Алматы қаласының жер қатынастары басқармасы сайтында жарияланды. Осы құжатқа сәйкес:
- Емхана құрылысы үшін учаскелерді алу туралы 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 4/530-2758 қаулыдағы 20-жол ауыстырылды: кадастрлық нөмірі 20-313-033-027, Вахтангов тұйық көшесі, 16, 7-пәтер, жалпы алаңы - 0,0942, үлесі - 0,0166.
- 2025 жылғы 30 шілдедегі № 4/470-1105 қаулыдағы 22-жол келесідей ауыстырылды: кадастрлық нөмірі 20-313-033-124, Вахтангов көшесі, 9А, жалпы алаңы - 0,0849, үлесі - 0,0293.
- 2025 жылғы 6 қазандағы № 4/675-1248 №20 мектептің аумағын кеңейту үшін жер учаскелерін алып қою туралы қаулыда 30-жол өзгертілді: кадастрлық нөмірі 20-317-095-288, Жангелдин көшесі, 269, 1-пәтер, жалпы ауданы - 0,1228, үлесі - 0,0614.
- 2025 жылғы 10 қарашадағы № 4/675-1365 метроның екінші желісін салу үшін жер учаскелерін алып қою туралы қаулыда 18-жол өзгертілді: кадастрлық нөмірі 20-315-005-351, Медеу ауданы, Саратов көшесі, 63/33.
- 2026 жылғы 30 наурыздағы Қайрат шағынауданында жол салу үшін жер учаскелерін алып қою туралы қаулыда 7-жол өзгертілді: кадастрлық нөмірі 20-317-107-484, Қайрат шағынауданы, Сарыарқа көшесі, 43, жалпы ауданы - 0,07, иеліктен шығарылатын ауданы - 0,0047.
- 2026 жылғы 16 маусымдағы № 2/195-882 қаулыда 26-жол өзгертілді: кадастрлық нөмірі 20-317-103-657, Түрксіб ауданы, Нұршашқан шағынауданы, 340А учаскесі.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу