2026 жылғы 10 маусымда Алматы әкімі жер телімдерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлі түрде иеліктен шығару мәселелері туралы қаулыға қол қойды. Құжат бұған дейін қабылданған шешімдерге өзгерістер енгізеді, деп хабарлайды ТengriНome.
Қаулы "Алматы ақшамы" газетінде жарияланды. Онда иеліктен шығарылатын мүлік иелері көрсетілген 18 баған ауыстырылды.
Атап айтқанда, Түрксіб ауданында көлік тұрағын салу үшін жерді иеліктен шығару туралы 2025 жылғы 17 наурыздағы № 1/1-416 қаулыға кадастрлық нөмірі 20-317-000-000 (Закарпатская көшесі, 1/5) учаскеде орналасқан гаражды алып қою туралы өзгеріс енгізілді.
Райымбек даңғылы бойымен BRT құрылысы үшін жер телімдерін иеліктен шығару туралы 2025 жылғы 15 тамыздағы № 3/470-1138 қаулыға енгізілген өзгерістер:
- кадастрлық нөмірі 20-315-004-267 учаске, Жәнібек көшесі, 33;
- кадастрлық нөмірі 20-315-040-020 учаске, Жәнібек көшесі, 44;
- кадастрлық нөмірі 20-315-040-183 учаске, Малая көшесі, 2/3.
Райымбек даңғылын ұзарту үшін жерді иеліктен шығару туралы 2025 жылғы 22 қазандағы № 4/675-1295 қаулыға кадастрлық нөмірі 20-315-040-199 (Татарская көшесі, 3А) учаскені алып қою туралы өзгерістер енгізілді.
Райымбек даңғылын ұзарту үшін жерді иеліктен шығару туралы 2026 жылғы 21 қаңтардағы № 1/1-85 қаулыға кадастрлық нөмірі 20-315-040-121 (Донбасс көшесі, 2, 2-пәтер) учаскені алып қою туралы өзгерістер енгізілді.
Тілендиев көшесін Рысқұлов даңғылынан қала шекарасына дейін ұзарту үшін жерді иеліктен шығару туралы 2026 жылғы 26 ақпандағы № 1/1-219 қаулыға енгізілген өзгерістер:
- кадастрлық нөмірі 20-321-020-1658 учаске, "Птицевод" бау-бақша серіктестігі, Шоссейная көшесі, 61;
- кадастрлық нөмірі 20-321-020-1297 учаске, "Птицевод" бау-бақша серіктестігі, Шоссейная көшесі, 5А.
Райымбек даңғылын ұзарту үшін жерді иеліктен шығару туралы 2026 жылғы 2 наурыздағы № 1/1-256 қаулыға кадастрлық нөмірі 20-315-003-173 (Есенберлин көшесі, 41А) учаске бойынша екі өзгеріс енгізілді (екі меншік иесі).
Боралдай - Ақсеңгір аралығында Алматы-3 вокзалын салу үшін Алатау ауданында орналасқан жерлерді иеліктен шығару туралы 2026 жылғы 2 наурыздағы № 1/1-257 қаулыға енгізілген өзгерістер:
- кадастрлық нөмірі 20-321-071-736 учаске, Мәдениет шағынауданы, 841;
- кадастрлық нөмірі 20-321-072-1640 учаске, "Алтын Алма" бау-бақша қоғамы, 102;
- кадастрлық нөмірі 20-321-072-1236 учаске, "Алтын Алма" бау-бақша қоғамы, 62.
Түрксіб ауданында автотұрақ салу үшін жерді иеліктен шығару туралы 2026 жылғы 30 наурыздағы № 1/1-407 қаулыға енгізілген өзгерістер:
- кадастрлық нөмірі 20-317-000-000 учаске, Закарпатская көшесі, 1/5, 541-гараж;
- кадастрлық нөмірі 20-317-000-000 учаске, Закарпатская көшесі, 1/5, 391-гараж;
- кадастрлық нөмірі 20-317-000-000 учаске, Закарпатская көшесі, 1/5, 195-гараж;
- кадастрлық нөмірі 20-317-000-000 учаске, Закарпатская көшесі, 1/5, 297-гараж;
- кадастрлық нөмірі 20-317-000-000 учаске, Закарпатская көшесі, 1/5, 92-гараж.
Жер қатынастары басқармасы тиісті шараларды қабылдауы тиіс.
Тағы оқыңыз: Газсыз өткен екі жыл. Алматыдағы тұрғын үй кешенінің тұрғындары неге алаңдаулы?