Алматының үш ауданында ыстық су өшіріледі: мекенжайлар тізімі

Алматыдағы жөндеу жұмыстары Фото: ©️ Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Ыстық су орташа есеппен бес күнге өшіріледі. Осы уақыт ішінде "АлматыЖылуКоммунЭнерго" ЖШС мамандары қазандықтарда жоспарлы жұмыстар жүргізуі тиіс, - деп хабарлайды ТengriНome.

Ыстық су орташа есеппен бес күнге өшіріледі. Осы уақыт ішінде "АлматыЖылуКоммунЭнерго" ЖШС мамандары қазандықтарда жоспарлы жұмыстар жүргізуі тиіс, - деп хабарлайды ТengriНome.

Ақпарат "Алматы жылу жүйесі" сайтында жарияланды. Құжатқа сәйкес, Түрксіб, Жетісу және Медеу аудандарының тұрғындары орташа есеппен бес күн ыстық сусыз қалады.

Түрксіб ауданында:

Жарнама
Жарнама
  • 23 маусымға дейін Ахметов - Огарев - Қалмаржын - Закарпатская көшелерінің шаршысында ыстық су болмайды.
  • 19 маусымға дейін: Лавренев - Дөнентаев - Жұлдыз шағын ауданы - Дөнентаев; Элеваторская - Щелково - Сүйінбай - Щелково.
  • 15-19 маусым аралығында: Орджоникидзе - Гете - Кожедуб - Читинская.
  • 22-26 маусым аралығында: Кассин - Бехтерев - Буденный - Жұмабаев; Талас - Дулатов - Кассин - Монтин; Сейфуллин - Терехин - Дулатов - Ақан Сері.
  • 29 маусым мен 3 шілде аралығында: Урицкий - Нұрсая - Бейсебаев - Бартольд.

Медеу ауданында 22-26 маусым аралығында Шахтинская - Атбасарская - Демченко - Аяз би көшелерінің шаршысында ыстық су өшіріледі.

Жетісу ауданында 2026 жылғы 22-26 маусым аралығында Шекспир - Жайсаң - Эйхе - Терешкова көшелерінің шаршысындағы үйлердің тұрғындары ыстық сусыз қалады.

Қазандықтардың тоқтатылу кестесі мына жерде.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама