Астанада 2026 жылы апатты үйлерді бұзуға 362 миллион теңге бөлу жоспарланып отыр. Тұрғындар қоныс аударып, тұрғын емес үй-жайлардың үш иесіне өтемақы төленеді, - деп хабарлайды TengriНome.
Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы сайтында "Апатты және ескірген тұрғын үйлерді бұзу" бюджеттік бағдарламасы жарияланды. Құжатқа сәйкес, биыл елордада 24 апатты үйді демонтаждау және тұрғын емес үй-жайлардың үш иесіне өтемақы төлеу көзделген. Бұл мақсаттарға 362,3 миллион теңге бөлу жоспарланған.
"Апатты тұрғын үйлерді демонтаждау тұрғындарды көшіргеннен кейін жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Осыған байланысты, апатты үйлердің тұрғындарын көшіру барысына қарай және жергілікті бюджеттің мүмкіндіктерін ескере отырып, биыл басқарма тоғыз апатты үйді демонтаждауға кірісті. 15 апатты үйді бұзу жұмыстары осы жылдың II және III тоқсанына жоспарланған ("Алматы" ауданы - бес үй, "Байқоңыр" ауданы - алты үй, "Есіл" ауданы - бір үй, "Сарыарқа" ауданы - 12 үй)", - деп хабарлады Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы TengriНome сұрауына берген жауабында.
Тұрғын үй қорын реновациялаудың 2023-2029 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша билік барлығы 4 710 пәтерлік 206 апатты үйдің тұрғындарын көшіруді жоспарлап отыр (бір бөлігі қоныс аударып үлгерді):
- "Алматы" ауданы - үш үй;
- "Байқоңыр" ауданы - 104 үй;
- "Есіл" ауданы - 5 үй;
- "Сарыарқа" ауданы - 82 үй;
- "Сарайшық" ауданы - 12 үй.
Ашық дереккөздерде 2029 және 2030 жылдарға арналған жоспарлар жарияланды.
Мәселен, 2029 жылы 13 апатты үйді демонтаждау жоспарланған:
- Айманов көшесі, 20 ("Сарыарқа" ауданы) - 1979 жылы салынған, тозу деңгейі 65 пайыз, 144 пәтер;
- Есенберлин көшесі, 14 ("Сарыарқа" ауданы) - 1959 жылы салынған, тозу деңгейі 63 пайыз, 51 пәтер;
- Суворов көшесі, 22А ("Сарыарқа" ауданы) - 1957 жылы салынған, тозу деңгейі 72 пайыз, екі пәтер;
- Суворов көшесі, 24 А ("Сарыарқа" ауданы) - 1957 жылы салынған, тозу деңгейі 67 пайыз, төрт пәтер;
- Талапкер көшесі, 35 ("Сарыарқа" ауданы) - 1953 жылы салынған, тозу деңгейі 69 пайыз, сегіз пәтер;
- Қызылсу көшесі, 37 А ("Сарыарқа" ауданы) - 1957 жылы салынған, тозу деңгейі 71 пайыз, төрт пәтер;
- Қызылсу көшесі, 39 А ("Сарыарқа" ауданы) - 1957 жылы салынған, тозу деңгейі 70 пайыз, төрт пәтер;
- Қарталы көшесі, 24 ("Сарыарқа" ауданы) - 1947 жылы салынған, тозу деңгейі 68 пайыз, төрт пәтер;
- Қарталы көшесі, 26 ("Сарыарқа" ауданы) - 1947 жылы салынған, тозу деңгейі 70 пайыз, төрт пәтер;
- Тасқұдық көшесі, 8 ("Сарыарқа" ауданы) - 1979 жылы салынған, тозу деңгейі 68 пайыз, төрт пәтер;
- Көксенгір көшесі, 9 ("Байқоңыр" ауданы) - 1962 жылы салынған, тозу деңгейі 68 пайыз, төрт пәтер;
- Көксенгір көшесі, 11 ("Байқоңыр" ауданы) - 1960 жылы салынған, тозу деңгейі 65 пайыз, төрт пәтер;
- Республика даңғылы, 81 ("Сарыарқа" ауданы) - 1970 жылы салынған, тозу деңгейі 74 пайыз.
Ал 2030 жылы - 18 үй:
- Тәуелсіздік даңғылы, 22 ("Алматы" ауданы) - 1982 жылы салынған, тозу деңгейі 61,1 пайыз, 167 пәтер;
- Жеңіс даңғылы, 6 ("Сарыарқа" ауданы) - 1941 жылы салынған, тозу деңгейі 61,1 пайыз, сегіз пәтер;
- Жеңіс даңғылы, 6/1 ("Сарыарқа" ауданы) - 1941 жылы салынған, тозу деңгейі 61,1 пайыз, сегіз пәтер;
- Жеңіс даңғылы, 6/2 ("Сарыарқа" ауданы) - 1941 жылы салынған, тозу деңгейі 61,1 пайыз, сегіз пәтер;
- Жеңіс даңғылы, 6/3 ("Сарыарқа" ауданы) - 1941 жылы салынған, тозу деңгейі 61,1 пайыз, сегіз пәтер;
- Жеңіс даңғылы, 8 ("Сарыарқа" ауданы) - 1941 жылы салынған, тозу деңгейі 61,1 пайыз, сегіз пәтер;
- Жеңіс даңғылы, 8/1 ("Сарыарқа" ауданы) - 1941 жылы салынған, тозу деңгейі 61,1 пайыз, сегіз пәтер;
- Құтпанов көшесі, 5 ("Сарыарқа" ауданы) - 1978 жылы салынған, тозу деңгейі 62,1 пайыз, 98 пәтер;
- Құтпанов көшесі, 7 ("Сарыарқа" ауданы) - 1987 жылы салынған, тозу деңгейі 61,1 пайыз, 92 пәтер;
- Янушкевич көшесі, 8 ("Байқоңыр" ауданы) - 1964 жылы салынған, тозу деңгейі 62,1 пайыз, 136 пәтер;
- Янушкевич көшесі, 8/1 ("Байқоңыр" ауданы) - 1966 жылы салынған, тозу деңгейі 62,1 пайыз, 136 пәтер;
- Тайбурыл көшесі, 13 А ("Байқоңыр" ауданы) - 1949 жылы салынған, тозу деңгейі 62,1 пайыз, сегіз пәтер;
- Тайбурыл көшесі, 19 ("Байқоңыр" ауданы) - 1949 жылы салынған, тозу деңгейі 62,1 пайыз, сегіз пәтер;
- Кеншілер көшесі, 12 ("Байқоңыр" ауданы) - 1956 жылы салынған, тозу деңгейі 65,1 пайыз, жеті пәтер;
- Тасқұдық көшесі, 15 ("Байқоңыр" ауданы) - 1946 жылы салынған, тозу деңгейі 65,1 пайыз, төрт пәтер;
- 41-разъезд көшесі, 1 ("Сарайшық" ауданы) - 1929 жылы салынған, тозу деңгейі 63,5 пайыз, бес пәтер;
- Шонанұлы көшесі, 20/1 ("Байқоңыр" ауданы) - 1956 жылы салынған, тозу деңгейі 64,5 пайыз, екі пәтер;
- Шонанұлы көшесі, 43 ("Байқоңыр" ауданы) - 1982 жылы салынған, тозу деңгейі 64,7 пайыз, 164 пәтер.
Апатты үйлердің тұрғындарына ауданы жағынан тең келетін жаңа тұрғын үй ұсынылады. Тұрғын емес үй-жайлардың иелеріне олардың құны өтеледі немесе ауданы тең келетін басқа үй-жай беріледі.