ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 23 маусым 2026 11:28
Астанада әлеуметтік нысандар құрылысы үшін 224 жер учаскесі алынады
Астанада мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін сатып алуға 12 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу жоспарланған. Бұл қаражатқа мектептер, скверлер, инженерлік және жол-көлік инфрақұрылымы құрылысы үшін 224 учаске алынады, деп хабарлайды ТengriНome.
Астанада мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін сатып алуға 12 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу жоспарланған. Бұл қаражатқа мектептер, скверлер, инженерлік және жол-көлік инфрақұрылымы құрылысы үшін 224 учаске алынады, деп хабарлайды ТengriНome.
Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының "Ашық бюджеттер" порталында мемлекет мұқтажы үшін жер телімдерін иеліктен шығару туралы бағдарламаны жариялады. Құжатқа сәйкес, 2026 жылы 224 учаскені сатып алу үшін 12 676 069 000 теңге қажет.
"Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алып қою (соның ішінде сатып алу жолымен), оларда орналасқан жылжымайтын мүлік нысандарын бұзу, меншік иелеріне (жер пайдаланушыларға) өтемақы төлеу, сондай-ақ нысандарды кейіннен орналастыру және салу үшін жер учаскелерін босату бойынша іс-шаралар қарастырылған", - деп хабарлады Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы ТengriНome сұранысына берген жауабында.
Ведомство жер телімі мен жылжымайтын мүліктің құны нарықтық бағамен бағаланатынын еске салды. Бұл жұмысты билік мемлекеттік сатып алу конкурсының нәтижесі бойынша тартатын тәуелсіз бағалаушылар жүргізеді.
"Жергілікті атқарушы орган мен меншік иесі арасында келісімге қол жеткізілген жағдайда, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін иеліктен шығару туралы шарттың жобасы жергілікті өкілді органға келісуге жіберіледі. Мүлікті беру туралы мүдделі тұлғалардың кез келгенімен келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару сот тәртібімен жүзеге асырылады", - деп толықтырды басқарма.
2026 жылы 27 әлеуметтік нысанның құрылысы үшін 224 жер телімін алып қою жоспарланып отыр:
- төрт білім беру нысаны - ауданы 1,4 гектар болатын 94 жер телімін сатып алу;
- алты жол-көлік инфрақұрылымы нысаны - ауданы 1,4 гектар болатын 22 жер телімін сатып алу;
- сегіз абаттандыру нысаны мен скверлер - ауданы 2,9 гектар болатын 62 жер телімін сатып алу;
- үш инженерлік инфрақұрылым нысаны - ауданы 2,9 гектар болатын 20 жер телімін сатып алу;
- алты өзге нысан - ауданы 0,6 гектар болатын бір жер телімін сатып алу.
Тұрғын үй басқармасы жер учаскелерінің тізімін ұсынған жоқ.
Айта кетейік, 2027-2028 жылдары елордада 130 учаскені сатып алуға жыл сайын 13 миллиард теңгеден бөлу жоспарланған. Бірақ бұл тек жоспар екенін ескеру қажет.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу