“Баланың аяғы түсіп кетуі мүмкін“ - Астанадағы тұрғын үйде түсірілген видео әлеуметтік желілерде талқыланып жатыр

“Баланың аяғы түсіп кетуі мүмкін“ - Астанадағы тұрғын үйде түсірілген видео әлеуметтік желілерде талқыланып жатыр Видео кадрлары

Әлеуметтік желілерде елордадағы Evolution тұрғын үй кешенінде түсірілген видео пайда болды. Бейнежазбадан лифт жанындағы еден жабынында тесік бар екені көрсетілген. Ролик авторы бұл үлкен қауіп төндіруі мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды Tengri Home.

Әлеуметтік желілерде елордадағы Evolution тұрғын үй кешенінде түсірілген видео пайда болды. Бейнежазбадан лифт жанындағы еден жабынында тесік бар екені көрсетілген. Ролик авторы бұл үлкен қауіп төндіруі мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды Tengri Home.

Не болды?

Видеоны Threads қолданушы Жасұлан Ағыбаев жариялады. Оның айтуынша, ол үйде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатып, еденнің жай-күйіне назар аударған.

Жарнама
Жарнама

"Тұрғын үй кешені, жұмсартып айтқанда, көңілден шықпайды. Мұнда бәрі сынып жатыр. Баланың аяғы тайып, ішіне түсіп кетуі мүмкін. Түсіп кетпесе де, жарақат алуы ғажап емес. Бізде осылай салады", - дейді ер адам.

Кейінірек ол Tengri Home тілшісіне құрылыс салушының зақымдалған жерді келесі күні-ақ қалпына келтіргенін хабарлады.

Құрылыс салушы не дейді?

BAZIS-A Corp. ЖШС редакциямыздың ресми сауалына берген жауабында видеода лифт табалдырығына іргелес еден жабынының зақымдалғаны тіркелгенін айтты. Кемшілік анықталғаннан кейін жабын қалпына келтірілген.

"Бұл зақым лифттің жұмысына және оны пайдалану қауіпсіздігіне ешқандай әсер етпейді, ол сыртқы механикалық әсердің - ауыр (жүктелген) заттың басуы салдарынан болған, тек пайдалану сипатына ие", - делінген BAZIS-A Corp. жауабында.

Компания зақымданудың лифт жұмысына және оны пайдалану қауіпсіздігіне ешқандай қатысы жоқ екенін атап өтті.

"Қосымша ретінде, үй заңнамада белгіленген тәртіппен - нысан құрылысының мемлекеттік нормативтерге сәйкес аяқталғанын және нысанның пайдалануға толық дайындығын растайтын нысанды пайдалануға қабылдау актісі негізінде пайдалануға берілгенін хабарлаймыз", - деп толықтырды BAZIS-A Corp.

Сондай-ақ тұрғын үй пайдалануға берілгенге дейін барлық инженерлік жүйелер қажетті тексерулерден, ал лифт жабдықтары міндетті динамикалық және статикалық сынақтардан өткені, оның нәтижелері бойынша толық техникалық куәландыру актісі ресімделгені нақтыланды.

"Лифттер штаттық режимде жұмыс істеп тұр және тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмейді", - деп сендірді ЖШС өкілдері.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама